«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 155 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкіметі өкілдерінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкіметі өкілдерінің құрамына мыналар енгізілсін:

 

Мусин

Аслан Есболайұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға

 

Супрун

Виктор Васильевич

- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi

 

Сәтқалиев

Алмасадам Майданұлы

- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстарвице-министрi

 

көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Оразбаев Бірлік Есіркепұлы, Палымбетов Болат Әбілқасымұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов