Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы және Ерекше бөлімдер)
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат):

1) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Азамат тегі мен есімін, сондай-ақ қалауы бойынша - әкесінің атын қоса отырып, өз атымен құқықтар мен міндеттер алады және оларды жүзеге асырады.»;

2) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғанға дейін конкурстық жиынтықтан сот шығыстары, сондай-ақ олар тағайындалған жағдайда конкурстық және оңалтушы басқарушыларға сыйақы төлеу жөніндегі шығыстар өтеледі. Жеке кәсіпкер банкрот деп танылған жағдайда, оған несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру соған тиесілі мүлік есебінен мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

1) бірінші кезекте алимент өндіріп алу жөніндегі талаптар, сондай-ақ өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі талаптар қанағаттандырылады;

2) екінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы және өтемақыларды төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді төлеу жөніндегі, тұлғаның кірісінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысулар жүргізіледі;

3) үшінші кезекте несие берушілердің жеке кәсіпкерге тиесілі мүлік кепілімен қамтамасыз етілген талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде қанағаттандырылады;

4) төртінші кезекте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек өтеледі;

5) бесінші кезекте заңнамалық актілерге сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айырысулар жүргізіледі.»;

3) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

«22-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке

қабілетті деп жариялау (эмансипация)

1. Жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршысының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін.

2. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипация) ата-анасының екеуінің де, асырап алушылардың немесе қамқоршысының келісімімен қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша не ондай келісім болмаған жағдайда соттың шешімі бойынша жүргізіледі.

3. Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ие болу үшін жас шектеуі белгіленген құқықтар мен міндеттерді қоспағанда, азаматтық құқықтарға ие болады және міндеттерді (оның ішінде өзінің зиян келтіруі салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша) мойнына алады.

Ата-аналар, асырап алушылар мен қамқоршы эмансипацияланған кәмелетке толмаған адамның міндеттемелері бойынша жауапты болмайды.»;

4) 34-бапта:

4-тармақ «алады» деген сөзден кейін «(осы Кодекстің 110-бабы)» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтағы «түрлерінің» деген сөз «нысандарының» деген сөзбен ауыстырылсын;

5) 36-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған өзге ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.»;

6) 41-бапта:

4-тармақтағы «шаруашылық жүргізуіне,» деген сөздер алып тасталсын;

4-1-тармақтың екінші бөлігіндегі «, лауазымды адамдары немесе қызметкерлері» деген сөздер алып тасталсын;

7) 44-баптың 1-тармағында:

жетінші бөлікте «Мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен және» деген сөздер алып тасталып, «мемлекеттік» деген сөз бас әріппен жазылсын;

мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:

«Мемлекеттік мекемелер жасасатын, бюджет қаражатын жұмсау көзделмейтін азаматтық-құқықтық мәмілелер тіркелуге жатпайды.

Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелеріне ақы олар тіркелгеннен кейін төленуге жатады.»;

8) 49-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «заңды тұлғаның кредиторлары,» деген сөздер алып тасталсын;

9) 50-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Мүліктік кешені жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының жекешелендіру туралы заңында белгіленген тәртіппен таратылады.»;

10) 51-баптың 1-тармағында:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бірінші кезекте - жалақыдан және (немесе) өзге де кірістен ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ таратылатын заңды тұлға өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін алдында жауаптылықта болатын азаматтардың талаптары тиісті мерзімдік төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;";

2) тармақшадағы «алименттерді және» деген сөздер алып тасталсын;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) төртінші кезекте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі берешек өтеледі;";

11) 58-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Толық және сенім серіктестігінен басқа, шаруашылық cepіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.

Толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық серіктер азаматтар ғана бола алады.»;

12) 60-бапта:

1-тармақта:

бірінші бөліктегі «(өкілдер жиналысы)» деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөліктегі «Бір» деген сөз «Толық серіктестіктен және сенім серіктестігінен басқа, бір» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «(өкілдік жиналысына)», «(өкілдері жиналысының)» деген сөздер алып тасталсын;

13) 79-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) атқарушы органның мүшелерін (мүшесін) сайлау (тағайындау) және олардың (оның) өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осындай беру шарттарын айқындау;";

14) 110-бапта:

тақырыбындағы «Заңды тұлғалардың» деген сөздер «Жеке кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ ортақ мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады.»;

4-тармақтағы «және заңды тұлғаның құқықтарын» деген сөздер алып тасталсын;

15) 115-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Ақшаға және ақшалай міндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөніндегі талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, тиісінше заттардың немесе мүліктік құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимі қолданылады.»;

16) мынадай мазмұндағы 139-1-баппен толықтырылсын:

«139-1-бап. Банктік депозит сертификаты

Банктік депозит сертификаты - өз ұстаушысының шығару шарттарында белгіленген айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін не ол аяқталғанға дейін номиналды құнын, сондай-ақ шығару шарттарында белгіленген мөлшерде сыйақы алу құқығын растайтын атаулы эмиссиялық емес бағалы қағаз.»;

17) 159-баптың 11-тармағы «заңды тұлғаның» деген сөздерден кейін «немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының)» деген сөздермен толықтырылсын;

18) 192-бапта:

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Коммуналдық меншік жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) меншік болып бөлінеді.»;

6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Коммуналдық меншіктегі мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екінші деңгейіне беру Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңнамалық актілерде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»;

19) 195-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мүлікке меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы осы мүлікке басқа да заттық құқықты тоқтату үшін негіз болып табылмайды.»;

20) 219-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) шаруа қожалығы мүшелерінің ортақ меншігі;";

21) 224-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«224-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншігi

1. Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығында тиесілі болады.

Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығында тиесілі болады.

Өзіндік кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығында тиесілі болады.

2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің меншігінде жер учаскелері, жер учаскесіндегі екпелер, оның ішінде жеке орман қорындағы екпелер, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсіріліп, ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнім беретін және жегін мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар және қожалық мүшелері берген және (немесе) қожалық үшін оның мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлік болуы мүмкін.

3. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметі нәтижесінде алынған жемістер, өнім мен кірістер шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің ортақ мүлкі болып табылады және олардың арасында келісім бойынша пайдаланылады.»;

22) 225-баптың тақырыбында және мәтінінде «шаруа (фермер)» деген сөздер тиісінше «шаруа немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын;

23) 226-бапта:

баптың тақырыбында және мәтінінде «шаруа (фермер)» деген сөздер тиісінше «шаруа немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтың екінші сөйлеміндегі «ретінде фермер» деген сөздер «ретінде шаруа немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ «осы Кодекстің» деген сөздерден кейін «218-бабында немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

24) 242-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «аудан,» деген сөзден кейін «облыстық,» деген сөзбен толықтырылсын;

25) 246-бап «аудан,» деген сөзден кейін «облыстық,» деген сөзбен толықтырылсын;

26) 282-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ақшалай міндеттемеге байланысты бір адам (борышкер) екінші адамға (кредиторға) ақша төлеуге міндетті, ал кредитордың борышкерден ақша төлеу жөніндегі міндеттерін (ақша қарызы және басқа да міндеттемелер) орындауын талап етуге құқығы бар. Өтеу туралы шарт, залалды өтеу және тұрақсыздық айыппұлын төлеу туралы міндеттемелер, сондай-ақ зиян келтіру не негізсіз баю салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша ақша төлеу жөніндегі міндеттерге, егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, ақшалай міндеттемелер туралы ереже қолданылады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай міндеттемелер теңгемен (осы Кодекстің 127-бабы) көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында міндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасындағы төлем құжаттарын пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жағдайларда және шарттарда немесе оларда белгіленген тәртіппен жол беріледі.

Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру тәртібі мен тәсілдері Қазақстан Республикасының ақша төлемдері мен аударымдары туралы заңнамасында белгіленеді және оларды тараптар тиісті шартта айқындайды.»;

27) 301-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

28) 303-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Егер кепіл туралы шартта өзгеше көзделмесе, кепіл нысанасы болып табылатын ақша банкке орналастырылады.

Осы ақша үшін алынатын сыйақы (мүдде) кепіл ұстаушыға тиесілі болады.

Ақша кепіл ұстаушыға немесе өзге тұлға кепіл ақшаны пайдалану мүмкіндігін шектейтін шарттарды сақтаған кезде (банк сейфіне, сейфтің ұяшығына, сақтауға арналған жеке үй-жайда сақтауға беру) осы тұлғаға берілуі мүмкін. Осындай тұлғаның кепіл ақшаны пайдалану жөніндегі шектеулерді орындамауы оның ақша берілген кезден бастап негізсіз байығаны үшін жауаптылығына негіз болып табылады.»;

29) 311-баптың 1-тармағындағы «талаптарынан талаптары қанағаттандырғаннан» деген сөздер «талаптары қанағаттандырылғаннан» деген сөздермен ауыстырылсын;

30) 319-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Ақшаны және ақшалай міндеттеме бойынша құқықтарды (талаптарды) кепілге беру кезінде - кепілге қойылған осы мүлікті өткізу кепіл нысанасы болып табылатын немесе ақшалай міндеттеме бойынша кепілге қойылған құқықтар (талаптар) бойынша тиесілі ақшаны кепіл ұстаушыға беру жолымен, ал кепіл нысанасына өндіріп алу қолданылған кезде ақшаны беру мүмкін болмаған жағдайда кепіл берушінің кепіл нысанасына құқықтарын кепіл ұстаушыға ауыстыру жолымен жүргізіледі.

Егер кепіл нысанасы болып табылатын ақша сомасы кепіл ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшерінен асып кетсе, айырма кепіл берушіге қайтарылады. Кепіл ұстаушының талаптарын өтеу үшін ақша сомасы жетпеген жағдайда, заңнамалық актілерде немесе шартта өзгеше нұсқау болмаған ретте, ол кепілде негізделген артықшылықтарды пайдаланбай, жетпеген соманы борышкердің басқадай мүлкінен алуға құқылы.»;

31) 331-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Екінші деңгейдегі банктер банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беруді уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Кодекске сәйкес және уәкілетті органның аталған операцияларды жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін ескере отырып жүзеге асыра алады.

Екінші деңгейдегі банктердің осы Кодекстің нормаларын сақтамай және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескермей берген банк кепілдіктері мен кепілгерліктері олардың жарамсыз болуына әкеп соғады.»;

32) 337-баптың 1-тармағы «орындауды» деген сөзден кейін «не өзге міндеттемені орындауды» деген сөздермен толықтырылсын;

33) 18-тарау мынадай мазмұндағы 6-параграфпен толықтырылсын:

«Параграф 6. Ұстап қалу

338-1-бап. Ұстап қалу туралы жалпы ережелер

1. Борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берілуге тиіс зат қарамағында болған несие беруші, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушіге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөніндегі міндеттемені мерзімінде орындамаған жағдайда, тиісті міндеттеме орындалғанға дейін оны ұстап қалуға құқылы.

Заттың құнын төлеуге немесе оған шыққан шығындарды және басқа да залалды өтеуге байланысты болмаса да, кәсіпкер ретінде әрекет ететін тараптардың міндеттемелерінен туындайтын талаптар да затты ұстап қалу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

2. Несие беруші өзіндегі зат иелігіне түскеннен кейін де оны иелену құқығын үшінші тұлғаның алғанына қарамастан, ол затты ұстап қала алады.

3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың ережесі қолданылады.

338-2-бап. Ұстап қалынған мүлік есебінен талаптарды

қанағаттандыру

Затты ұстап қалушы несие берушінің талаптары кепілмен қамтамасыз етілген талаптарды қанағаттандыру үшін көзделген көлемде және тәртіппен заттың құнынан қанағаттандырылады.»;

34) 353-баптың 1-тармағы «алу кезінде сот» деген сөздерден кейін «несие берушінің таңдауы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын.

2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат, № 13, 85-құжат):

1) 758-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

2) 797-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда тауар қоймалары тауарлардың иесіздендіріліп сақтауға қабылданғанын растайтын қос немесе жай қойма куәлігін беруге міндетті.»;

3) 799-баптың 2-тармағында:

6) тармақша «қабылданған» деген сөздің алдынан «егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қос қойма куәлігінің нысаны мен мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.«;

4) 800-баптың 5-тармағы «соманы» деген сөзден кейін «кепіл ұстаушыға (кредиторға) немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 826-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:

«12) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (егер бар болса), резиденттік белгісін және сақтанушының экономика секторын көрсету;

13) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (егер бар болса), резиденттік белгісін және егер ол сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болып табылмаса, сақтандырылушының (пайда алушының) экономика секторын көрсету;

14) сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемі мен сақтандыру сыйақысының валюта түрі.»;

6) 883-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында «сот шешімдері (банкроттық,» деген сөздер «сот актілері (банкроттық рәсімдерінде конкурстық немесе оңалтушы басқарушы тағайындалған,» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 926-баптың 3-тармағындағы «(осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағы)» деген сөздер «(осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы)» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 1045-бапта:

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Осы баптың негізінде мұрагерлікке құқығы жоқ немесе мұрагерліктен шеттетілген адам (лайықсыз мұрагер) мұраның құрамынан негізсіз алған барлық мүлікті қайтаруға міндетті.

Мұрагерлік мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде лайықсыз мұрагер оның нарықтық құнын өтеуге міндеті.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы баптың ережелері өсиеттік бас тартуға да қолданылады (осы Кодекстің 1057-бабы).

Лайықсыз бас тартушы үшін белгілі бір жұмысты орындау немесе оған белгілі бір қызмет көрсету өсиеттік бас тартудың нысаны болған жағдайда, ол өсиеттік бас тартуды орындаған мұрагерге атқарған жұмыстың немесе оған көрсетілген қызметтің құнын өтеуге міндетті.»;

9) 1046-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Мұра қалдырушы өзінің кез келген мүлкі, оның ішінде болашақта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да өкім бар өсиет жасауға құқылы.

Өсиет қалдырушы мұрагерлердің мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әртүрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады.»;

10) 1049-баптың 1-тармағындағы «1066» деген цифр «1064» деген цифрмен ауыстырылсын;

11) 1056-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Егер сот мұра қалдырушының өз еркін білдіруін түсінуге әсер етпейді деп белгілесе, өсиетті жасау, қол қою немесе оны растау кезінде жіберілген емле қателері және техникалық сипаттағы басқа да елеусіз қателер өсиетті жарамсыз деуге негіз бола алмайды.»;

12) 1060-баптың 1-тармағындағы «1066» деген цифр «1064» деген цифрмен ауыстырылсын;

13) 1061, 1062, 1063, 1064-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердің бірінші кезегi

1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бірінші кезекте мұра қалдырушының балалары, оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.

2. Мұра қалдырушының немерелері мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.

1062-бап. Заң бойынша мұрагерлердің екінші кезегi

1. Егер бірінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екінші кезекте мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі - тең үлеспен алады.

2. Мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарының (сіңлілерінің) балалары (мұра қалдырушының немере іні-қарындастары, жиендері) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.

1063-бап. Заң бойынша мұрагерлердің үшінші кезегi

1. Егер бірінші және екінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшінші кезекте мұра қалдырушының әкесімен бірге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады.

2. Мұра қалдырушының немере аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.

1064-бап. Кейінгі кезектегі мұрагерлер

1. Егер бірінші, екінші және үшінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагерлік құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектердегі мұрагерлеріне жатпайтын, үшінші, төртінші және бесінші туыстық дәрежесіндегі туыстары алады.

Туыстық дәрежесі туыстарды бір-бірінен сатылап алшақтататын туу санымен айқындалады. Мұра қалдырушының өзінің дүниеге келуі бұл қатарға жатпайды.

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мұрагерлікке:

төртінші кезектегі мұрагерлер ретінде үшінші туыстық дәрежесіндегі туыстар - мұра қалдырушының арғы аталары мен әжелері;

бесінші кезектегі мұрагерлер ретінде төртінші туыстық дәрежесіндегі туыстар - мұра қалдырушының туған немере іні-қарындастарының, жиендерінің балалары (шөбере іні-қарындастары, жиеншарлары) және оның аталары мен әжелерінің туған аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері);

алтыншы кезектегі мұрагерлер ретінде бесінші туыстық дәрежесіндегі туыстар - мұра қалдырушының шөбере іні-қарындастарының, жиеншарларының балалары, оның немере аға-інілері мен апа-қарындастарының (сіңлілерінің) балалары және оның екі атадан қосылатын аталары мен әжелерінің балалары шақырылады.

3. Егер алдыңғы кезектердегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша жетінші кезектегі мұрагерлер ретінде мұра қалдырушымен кемінде он жыл бір отбасында тұрған мұра қалдырушының өгей әкесіне не өгей шешесіне еріп келген аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері), өгей ұлдары, өгей қыздары, өгей әкесі және өгей шешесі шақырылады.»;

14) 1065 және 1066-баптар алып тасталсын;

15) 1067-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1067-бап. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік

1. Мұра ашылғанға дейін немесе мұра қалдырушымен бір мезгілде қайтыс болған заңды мұрагердің үлесі осы Кодекстің 1061-бабының 2-тармағында, 1062-бабының 2-тармағында және 1063-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда ұсыну құқығы бойынша оның тиісті ұрпақтарына өтеді және олардың арасында тең бөлінеді.

2. Мұра ашылғанға дейін немесе мұра қалдырушымен бір мезгілде қайтыс болған және осы Кодекстің 1045-бабына сәйкес мұра алу құқығын иелене алмайтын мұрагердің ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұрагер болмайды.»;

16) 1068-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1068-бап. Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке

жарамсыз адамдар

1. Егер мұра қалдырушымен бірге тұрғандығына немесе тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болса, осы Кодекстің 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетілген, заң бойынша мұрагерлерге жататын, мұраның ашылу күніне дейін еңбекке жарамсыз болған, бірақ мұрагерлікке шақырылатын кезектегі мұрагерлердің тобына кірмейтін азаматтар заң бойынша осы кезектегі мұрагерлермен бірге және тең мұра алады.

2. Заң бойынша осы Кодекстің 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетілген мұрагерлер тобына кірмейтін, бірақ мұраның ашылу күніне дейін еңбекке жарамсыз болып табылған және мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болған және онымен бірге тұрған мұрагерлер мұрагер болуға шақырылатын кезектегі мұрагерлермен бірге және тең мұра алады.

Заң бойынша басқа мұрагер болмаған кезде осы баптың 2-тармағында көрсетілген мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар сегізінші кезектегі мұрагерлер ретінде өз бетінше мұра алады.»;

17) 1072-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1072-бап. Мұраны қабылдау

1. Мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауға тиіс.

Иесіз қалған мүлікті алу үшін (1083-бап) мұраны қабылдау талап етілмейді.

2. Мұрагердің мұраның бір бөлігін қабылдағаны өзіне тиесілі барлық мұраны қабылдағанын білдіреді.

Мұрагерді бір мезгілде бірнеше негіздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер осы негіздердің бірі бойынша, оның бірнешеуі бойынша немесе барлық негіздер бойынша өзіне тиесілі мұраны қабылдай алады.

Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берілмейді.

3. Мұраны бір немесе бірнеше мұрагердің қабылдағаны мұраны қалған мұрагерлердің қабылдағанын білдірмейді.

4. Қабылданған мұра, оны іс жүзінде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай-ақ мұрагердің мұраға қалдырған мүлікке құқығы мемлекеттік тіркелуге тиісті болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттік тіркелген кезіне қарамастан, мұраның ашылған күнінен бастап мұрагерге тиесілі деп танылады.»;

18) мынадай мазмұндағы 1072-1, 1072-2, 1072-3, 1072-4-баптармен толықтырылсын:

«1072-1-бап. Мұра қабылдау тәсілдерi

1. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегі нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлікті беруге уәкілетті лауазымды адамға мұрагердің мұраны қабылдау туралы өтінішін не мұрагердің мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтінішін беру арқылы жүзеге асырылады.

Егер мұрагердің өтінішін нотариусқа басқа адам берсе немесе ол почта арқылы жіберілсе, өтініштегі мұрагердің қолын нотариус, нотариат әрекеттерін жасауға уәкілетті лауазымды адам (ocы Кодекстің 1051-бабының 5-тармағы) немесе осы Кодекстің 167-бабының 3-тармағына сәйкес сенімхатты куәландыруға уәкілетті адам куәландыруға тиіс.

Егер сенімхатта мұраны алуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұраны өкіл арқылы қабылдау мүмкін болады. Заңды өкілдің мұраны қабылдауы үшін сенімхат талап етілмейді.

2. Егер мұрагер мұрагерлікті іс жүзінде қабылдағанын куәландыратын іс-әрекеттер жасаған болса, атап айтқанда, мұрагер:

мұраға алынған мүлікті иеленуге немесе басқаруға кіріссе;

мұраға алынған мүлікті сақтау, оны қол сұғудан немесе үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғау жөнінде шаралар қабылдаса;

мұраға алынған мүлікті ұстау шығыстарын өз есебінен жүргізсе;

өз есебінен мұра қалдырушының қарыздарын төлеген немесе мұра қалдырушыға тиесілі ақшаны үшінші тұлғалардан алған болса, өзгеше дәлелденгенге дейін мұрагер мұраны қабылдады деп танылады.

1072-2-бап. Мұраны қабылдау мерзімi

1. Мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін.

Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күні ашылған жағдайда (осы Кодекстің 1042-бабының 2-тармағы) - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың ішінде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешімінде өзге күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкін.

2. Егер мұрагерлік құқығы басқа адамдар үшін мұрагердің мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердің мұраны қабылдамауы немесе мұрагерді осы Кодекстің 1045-бабында белгіленген негіздер бойынша мұрадан шеттету салдарынан туындаса, мұндай адамдар оларда мұраға құқық туындаған күннен бастап алты айдың ішінде мұраны қабылдай алады.

1072-3-бап. Белгіленген мерзімнің аяқталуына қарай мұраны

қабылдау

Егер мұрагер мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді (осы Кодекстің 1072-2-бабы) дәлелді себептер бойынша өткізіп алған болса және мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алған мұрагер бұл мерзімді өткізу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде сотқа жүгінген жағдайда осы мерзімді өткізіп алған мұрагердің өтініші бойынша сот бұл мерзімді қалпына келтіре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.

Мұрагер мұраны қабылдады деп танылған кезде сот барлық мұрагерлердің мұрагерлік мүліктегі үлестерін анықтайды және қажет болған жағдайда жаңа мұрагердің мұрадан өзіне тиесілі үлесін алу құқығын қорғау жөнінде шаралар белгілейді. Бұған дейін берілген мұраға құқық туралы куәліктерді сот жарамсыз деп таниды.

1072-4-бап. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлік

трансмиссия)

Егер заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны осы Кодекстің 1072-2-бабында белгіленген мерзімде қабылдап үлгермей, мұра ашылғаннан кейін қайтыс болса, онда мұраның оған тиесілі үлесін қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне ауысады.

Қайтыс болған мұрагердің осы құқығын оның мұрагерлері мұраны қабылдауға арналған мерзімнің қалған бөлігі ішінде жалпы негіздерде жүзеге асыра алады.

Егер мерзімнің қалған бөлігі үш айдан аз болса, ол үш айға дейін ұзартылады.

Мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін, егер сот қайтыс болған мұрагердің мұрагерлерінің осы мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп тапса, онда сот оларды осы Кодекстің 1072-3-бабына сәйкес мұраны қабылдады деп тануы мүмкін.

Мұрагердің осы Кодекстің 1069-бабына сәйкес міндетті үлес ретінде мұраның бір бөлігін қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне ауыспайды.»;

19) 1074-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі «пайдасына» деген сөзден кейін «, оның ішінде ұсыну құқығы бойынша мұра алуға шақырылған адамдардың пайдасына» деген сөздермен толықтырылсын;

20) 1082-бапта:

тақырыбындағы «Шаруа» деген сөзден кейін «немесе фермер» деген сөздермен толықтырылсын;

мәтіндегі «Шаруа (фермер)» деген сөздер «Шаруа немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын;

21) 1095-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жеке тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі оның жеке заңында анықталады. Бұл ретте шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтық құқық қабілеттілігін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.».

2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 12-сі.

№ 225-III ҚРЗ