Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қаңтардағы № 41 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 316 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 74-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 33-жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілген.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов