«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1315 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспедегі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ» деген сөздер алынып тасталсын;

1-тармақта:

Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

 

Садықов

Махат Кәбірұлы

- Қазақстан Республикасы Мәдениет

және ақпарат министрлігінің Ақпарат

және мұрағат комитеті төрағасының

орынбасары

 

Қалижанов

Уәлихан Қалижанұлы

- Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің депутаты

 

Қозыбаев

Сағымбай Қабашұлы

- Қазақстан Республикасы Журналистер

академиясының президентi

 

Якушенко

Владимир Матвеевич

- «Қазақстан Республикасы

Президентінің телерадиокешені»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамы бас директорының орынбасары

 

Соловьева

Айгүл Сағадыбекқызы

- Қазақстан Азаматтық альянсінің

президентi

мына:

«Қуанғанов

Фархад Шаймұратұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-

мәдени даму бөлімінің меңгерушісі»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қуанғанов

Фархад Шаймұратұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің Кеңсесі Басшысының

орынбасары»;

көрсетілген құрамнан Ақпенова Раушан Төлеуқызы, Ключникова Валентина Ефимовна, Матаев Сейітқазы Бейсенғазыұлы, Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызы, Танысбай Ләззат Мұратқызы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

К. Мәсімов