Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына толықтыру енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1311 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:

«Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялар беру кезінде алынатын лицензиялық алым ставкалары» деген 1-тарауда:

4-тармақ мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

«24-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке       10

және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын

жайлар салуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет;».

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

К. Мәсімов