Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы № 1686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1278 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 Қаулысымен күші жойылды

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы № 1686 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

 

Iзмұхамбетов

Бақтықожа Салахатдинұлы

- Қазақстан Республикасы Энергетика және

минералдық ресурстар министрі,

төрағаның орынбасары

 

Коржова

Наталья Артемовна

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрi

 

Мусин

Аслан Есболайұлы

- Қазақстан Республикасы Экономика және

бюджеттік жоспарлау министрi

 

Ысқақов

Нұрлан Әбділдаұлы

- Қазақстан Республикасы Қоршаған

ортаны қорғау министрi

 

Шабдарбаев

Амангелді Смағұлұлы

- Қазақстан Республикасы Ұлттық

қауіпсіздік комитетінің төрағасы

 

Ахметов

Серік Нығметұлы

- Қазақстан Республикасының Көлік және

коммуникация министрi

 

«Школьник

Владимир Сергеевич

- Қазақстан Республикасы Энергетика және

минералдық ресурстар министрі,

төрағаның орынбасары»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Школьник

Владимир Сергеевич

- Қазақстан Республикасының Индустрия

және сауда министрі»

 «Қабылдин Қайыргелді Мақсұтұлы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, атқарушы хатшы (келісім бойынша)» деген жолдағы «атқарушы хатшы (келісім бойынша)» деген сөздер «хатшы» деген сөзбен ауыстырылсын;

көрсетілген құрамнан Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Келімбетов Қайрат Нематұлы, Самақова Айткүл Байғазықызы, Кравченко Иван Михайлович, Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Мамин Асқар Ұзақбайұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов