«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1291 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 70-қосымшада:

«6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:» деген кестенің 5-бағанында:

2-тармақтағы «981920» деген сандар «771862» деген сандармен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «638248» деген сандар «513024» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. 9 Dong 6 Jie, Sanlitun Beijing, 100600, PRС мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасы Пекин қаласындағы Елшілігінің консулдық бөлімін орналастыру үшін алаңы 300 шаршы метр болатын ғимарат салуға - 23700 мың теңге. Іске асыру мерзімі - желтоқсан.»;

«7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі:» деген бөлімінде:

«Рим (Италия Республикасы) қаласындағы 1 салынған (жаңғыртылған)» деген сөздерден кейін «және Пекин қаласында (Қытай Халық Республикасы) 1-салынған» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

К. Мәсімов