«Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру» жобасының
техникалық-экономикалық негіздемесіне сараптама жүргізу жөнінде
жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 361-ө Өкімі

 

ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 135-ө Өкімімен күші жойылды

 

1. «Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сараптама жүргізу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

 

Супрун

Виктор Васильевич

- Қазақстан Республикасының Экономика және

бюджеттік жоспарлау вице-министрі, жетекші

 

Әбдімомынов

Азамат Құрманбекұлы

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

вице-министрі

 

Баталов

Асқар Болатұлы

- Қазақстан Республикасының Индустрия және

сауда вице-министрі

 

Жұманов

Алсай Төлеуұлы0

- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының

Орынбасары

 

Нұрғожин

Марат Рахмалиұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы

 

Ахматов

Иван Ыдырысұлы

- «Бәйтерек» бірлескен қазақстан-ресей

кәсіпорны» акционерлік қоғамы бас

директорының бірінші орынбасары

 

Сүйменбаев

Бағдат Темірғалиұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігі Ғарыштық зерттеулер

институтының директоры

 

Батырғажин

Азамат Байқуанышұлы

- «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік

қоғамының басқарма төрағасы

 

Сыздықов

Эльдар Мақсұтұлы

- Қазақстан Республикасы Экономика және

бюджеттік жоспарлау министрлігінің

Инвестициялық саясат және жоспарлау

департаменті директорының орынбасары, хатшы

 

2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде «Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сараптама жүргізсін.

3. Осы Өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е.Мусинге жүктелсін.

 

Премьер-Министр

Д. Ахметов