Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 және 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235
қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 1190 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

II «Шығындар» бөлімінде:

08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында:

09 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер» ішкі функциясында:

205 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» әкімшісі бойынша:

001 «Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша:

001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасы бойынша «230843» деген сандар «225143» деген сандармен ауыстырылсын;

017 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша «3110» деген сандар «8810» деген сандармен ауыстырылсын;

2) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 72-1-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 4-жолда:

«өнімдерге ілесу» деген сөздер «өнімдерді құру және сүйемелдеу» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Жергілікті жүйені монтаждау және дәлдеп келтіру, спутниктік байланыс жүйесі арқылы ақпараттық және мультимедиялық контентті беру жөніндегі қызметтер.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Д. Ахметов