«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі
№ 257 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы № 1178 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 257 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;

Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

көрсетілген құрамнан Палымбетов Болат Әбілқасымұлы, Елемесов Асқар Раушанұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов