Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қазандағы № 960 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1155 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қазандағы № 960 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Есболайұлы Мусинге Бағдарламаны орындау жөніндегі жоспарды келісуге өкілеттік берілсін.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов