Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 және 2005 жылғы 26 қазандағы
№ 1072 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1031 Қаулысы

(2011.31.01. берілген өзгерістерімен)

 

Қарулы Күштердегі, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру және құқық тәртібінің деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 57 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1072 қаулысында:

Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында 2-бөлімнің реттік нөмірі 1-жолы алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов