«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 584-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбындағы және 1-тармақтағы «қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің» деген сөздер «материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің тізбесінде:

тақырыбындағы «қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің» деген сөздер «материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) тармақшадағы «валюталармен» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) ақша нарығы қорларымен».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов