Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 936 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 199 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 265-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесінде:

бүкіл мәтін бойынша «аумақтық орган», «аумақтық органға», «аумақтық органның», «аумақтық органда» деген сөздер тиісінше «жергілікті атқарушы орган», «жергілікті атқарушы органға», «жергілікті атқарушы органның», «жергілікті атқарушы органда» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);

2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;»;

10-тармақта:

«алынған күнінен бастап бір жыл» деген сөздер «қаржы жылы» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов