«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы
№ 663 және 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 745 Қаулысы

(2008.06.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 6 ақпандағы № 108 қаулысымен күші жойылды,  орыс тіліндегі  қаулының мәтіні бойынша 1 тармақтың 2) тармақшаның күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 131 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістік нормативінде:

реттік нөмірі 2-жолдың 3-бағанындағы «Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы» деген сөздер «Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 6 ақпандағы № 108 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов