Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 шілдедегі № 712 Қаулысы

(2011.30.06. берілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 742 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2007.02.02. № 79 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3) «Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 94 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспарында:

реттік нөмірі 56-жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов