Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 619 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 30, 386-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесінде:

3-тармақтың 8) тармақшасындағы «кредиттер мерзіміне, сондай-ақ,», «мен кредиттер», «актуарлық үлгі негізінде есептелген» деген сөздер алынып тасталсын;

9-тармақ алынып тасталсын;

16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Кепілдікті міндеттемелер Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру көлемі шегінде беріледі.»;

мемлекеттік тілдегі мәтінде 17-тармақтың 3) тармақшасындағы «қолданылған» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4-тармақшамен толықтырылсын:

«4) Бас келісіммен көзделген өзге де»;

23-тармақтағы «80» деген сандар «95» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов