«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1389 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 шілдедегі
№ 694 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Ұлттық темір жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 1389 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

3-тармақтағы «2007 жылғы 1 қаңтарға дейін» деген сөздер «2009 жылғы 1 қаңтарға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов