«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы
№ 96 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 590 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 5, 44-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

«Орындалуына жауаптылар» деген бағанда:

мәтін бойынша «МАСМ» деген аббревиатура «MAM» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 46-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«МҚА-ның аумақтық басқармалары»;

реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері»;

ескертпеде «MACM - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген сөздер «MAM - Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов