Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 530 Қаулысы

(2014.23.09. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-75-жолмен толықтырылсын:

«21-75. Астана қаласында салынып жатқан денсаулық сақтау объектілерінің дирекциясы» ЖШС»;

2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-1-жолмен толықтырылсын:

«227-1 «Астана қаласында салынып жатқан денсаулық сақтау объектілерінің дирекциясы» ЖШС»;

3) ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов