«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 94 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 524 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 94 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 5, 42-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспарында:

реттік нөмірі 26-жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов