«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 және
2006 жылғы 9 ақпандағы № 94 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 маусымдағы № 508 Қаулысы

(2007.02.02. берілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2007.02.02. № 79 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) «Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 94 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 5, 42-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспарында:

реттік нөмірі 11-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 58-жолмен толықтырылсын:

 

«58. «Қазақстан        ТСМ  қазан  қараша  желтоқсан  Қ.М. Әйтекенов

Республикасындағы

туристік қызмет

туралы» Қазақстан

Республикасының

Заңына өзгерістер

мен толықтырулар

енгізу туралы                                             »;

ескертпеде:

аббревиатуралардың толық жазылуында:

«МАСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«МАМ - Мәдениет және ақпарат министрлігі;»;

«ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«ТСМ - Туризм және спорт министрлігі;».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов