«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы
№ 131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 436 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 316 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 74-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Есімовке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі К.Қ. Мәсімовке" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 31-жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Д. Ахметов