«Қазақстан Республикасының Yкіметі және Америка Құрама Штаттарының
Yкіметі арасында Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ
бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 370 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Болат Әбілқасымұлы Палымбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Yкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасында Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасуға өкілеттік берілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов