Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз
етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы № 402 Қаулысы

(2008.18.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1295 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 175-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1295 (бұр. ред. қара); 2008.14.08. № 743 (бұр. ред. қара); 2008.18.09. № 863 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы акционерлік қоғамы және «Қазақстандық ипотекалық компания» акционерлік қоғамы бюджеттік кредиттер республикалық бюджеттен міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінетін қаржы агенттіктері деп айқындалсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов