«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1732 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 7 сәуірдегі № 295 қаулысы

 

 ҚР Үкіметінің 1999.05.20. № 592 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы № 1732 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеде:

16-тармақтың күші жойылған деп танылсын.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі