Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1377 және 2005 жылғы
 25 сәуірдегі № 387 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 319 Қаулысы

(2010.14.04. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1377 қаулысында:

2-тармақтың 1) тармақшасындағы «Инжиниринг және технологиялар трансфертті орталығы» деген сөздер «Ұлттық инновациялық қор» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 302 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов