«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1228 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 281 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:

226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша:

032 «Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері 1050000»

бағдарламасы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

 

«Алматы қаласының № 5 қалалық клиникалық ауруханасының № 1 корпусын сейсмикалық күшейту

104628

 

 

Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық

ауруханасының № 1 және 2 павильондарын сейсмикалық күшейту

254816

 

 

Алматы қаласында Жұбанов көшесінің бойындағы 11-үйдегі қалалық перинаталдық орталық ғимаратын (№ 5 және 6 павильондар) сейсмикалық күшейту

151038

 

 

Алматы қаласында Сейфуллин даңғылының бойындағы 492-үйдегі № 1 перзентхананың № 4 және 5 корпустары ғимараттарын сейсмикалық күшейту

117506

 

 

Алматы облысы Көксу ауданының Балпық би кентіндегi орталық аудандық аурухананы сейсмикалық күшейту

50000».

 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов