«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 268 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

04 «Білім беру» функционалдық тобында:

225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» әкімшісі бойынша:

012 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасы бойынша:

«Астана қаласының Чернышевский-Ушаков көшелері маңында 1200 орындық орта мектеп салу» деген жолда:

«Астана қаласының Чернышевский-Ушаков көшелері маңында» деген сөздер «Астана қаласының Оренбургский көшесі бойынан» деген сөздермен ауыстырылсын;

031 «Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері 1250000» бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«031 Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру объектілерін сейсмикалық күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттерi оның ішінде инвестициялық жобаларға:

1250000

Алматы қаласындағы № 11 мектеп ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту

139793

Алматы қаласындағы № 30 мектеп ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту

112365

Алматы қаласындағы № 43 жалпы білім беретін мектеп ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту

103381

Алматы қаласындағы № 124 мектеп ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту

140619

Алматы қаласындағы № 21 балабақша ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту

74693

Алматы қаласындағы № 73 балабақша ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту

45486

Алматы қаласындағы № 74 балабақша ғимаратын қалпына келтіру ұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту

48326

Алматы қаласындағы № 167 балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту

49545

Алматы қаласындағы № 207 балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту

59411

Алматы қаласындағы № 216 балабақша ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту

42332

Алматы қаласындағы № 226 балабақшаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту

42719

Алматы қаласындағы № 227 балабақша ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту

40495

Алматы қаласындағы № 20 балабақша ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту

62607

Алматы қаласындағы № 108 балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту

38228

Алматы облысының Алматы қаласындағы Ш. Смағұлов атындағы облыстық мектеп-интернатты сейсмикалық күшейту

100000

Алматы облысының Алматы қаласындағы № 13 кәсіптік мектептің жатақханасын сейсмикалық күшейту

50000

Алматы облысы Көксу ауданының Балпық би кентіндегі Алдабергенов атындағы орта мектептi сейсмикалық күшейту

60000

Алматы облысының Талдықорған қаласындағы экономика-технологиялық колледжі ғимаратын сейсмикалық күшейту

40000».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов