Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 наурыздағы № 203 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 674 Қаулысымен күші жойылды

 

Кілемдер мен кілем бұйымдарын отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 42, 440-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерінде:

 

мына:

 

«4819-дан

Қағаздан, картоннан, целлюлоза талшықтарының мата емес материалдарынан жасалған қораптар, қаптар, сөмкелер, кіші пакеттер және басқа да ыдыстар

Дайындау, ол кезде

барлық пайдаланылатын

материалдар тауар

позициясынан

ерекшеленетін позицияда

жіктелуі тиіс.

Алайда, барлық

пайдаланылатын

материалдардың құны

түпкілікті өнім бағасының

50 %-ынан аспауы тиіс»

 

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

 

«5701

Өрнекті кілемдер және өзге де дайын немесе дайын емес еденге төсейтін тоқыма жабындылар

Тоқымашылық, жайманың

түгін қырқу, аппреттеу,

бұйымның шетін көмкеру.

Бұл ретте пайдаланылатын

материалдар 5702, 5703,

5704, 5705 00

позицияларынан

ерекшеленетін позицияда

жіктелуі тиіс, ал

олардың құны түпкіліктi

өнім бағасының 50 %-ынан

аспауы тиіс

5702

Мата кілемдер және «кілемді», «шумақты», «кермені» және қолдан жасалған осыған ұқсас кілемдерді қоса алғанда, өзге де дүрияландырылмаған

немесе флокирлендірілмеген, дайын немесе дайын емес еденге төсейтін тоқыма жабындылар

Тоқымашылық, жайманың

түгін қырқу, аппреттеу,

бұйымның шетін көмкеру.

Бұл ретте пайдаланылатын

материалдар 5701, 5703,

5704, 5705 00

позицияларынан

ерекшеленетін позицияда

жіктелуі тиіс, ал олардың

құны түпкілікті өнім

бағасының 50 %-ынан

аспауы тиіс

 

5705 00

Кілемдер және дайын немесе дайын емес еденге төсейтін өзге де тоқыма жабындылар

Тоқымашылық, жайманың

түгін қырқу, аппреттеу,

бұйымның шетін көмкеру.

Бұл ретте, пайдаланылатын

материалдар 5701, 5702,

5703, 5704

позицияларынан

ерекшеленетін позицияда

жіктелуі тиіс, ал олардың

құны түпкілікті өнім

бағасының 50 %-ынан

аспауы тиіс            ».

 

 

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов