«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 274-ө өкіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2006 жылғы 21 наурыздағы № 65-ө Өкімі

 

«Халықаралық транзиттік дәліздерде жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2004-2008 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 274-ө өкіміне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген Халықаралық транзиттік дәліздерде жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2004-2008 жылдарға арналған жоспарында:

реттік нөмірі 8-жолда:

4-баған «, ТЖМ, АБА» деген аббревиатуралармен толықтырылсын;

5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«2007 жылғы III тоқсан»;

ескертулерде «ҚОҚМ - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«ТЖМ - Төтенше жағдайлар министрлігі;

АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі;».

 

Премьер-Министр

Д. Ахметов