«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355
қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 23 наурыздағы № 200 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

2-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутниктерінің техникалық тапсырмаларын және техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов