«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 828 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 25 қарашадағы № 1165 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 828 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 29, 385-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

 

Бекбосынов

Сабыржан Мәдиұлы

- Қазақстан Республикасының Әділет

вице-министрі, төрағаның орынбасары

 

 

Бекжанов

Жамбыл Лесбекұлы

- Қазақстан Республикасының Қоршаған

ортаны қорғау вице-министрі

 

 

Стамқұлов

Үбайдолла Мырзағалиұлы

- Қазақстан Республикасының

Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң

ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)

 

 

Уақпаев

Марат Сұлтанұлы

- Қазақстан Республикасының Парламенті

Сенатының Аппараты Сараптама бөлімінің

меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты

(келісім бойынша)

 

 

Идрисов

Ринат Рауфович

- Қазақстан гуманитарлық заң

университетінің азаматтық және

азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы

меңгерушісінің міндетін атқарушы

(келісім бойынша)

 

 

Ихсанов

Ордағали Қажығалиұлы

- заң ғылымдарының кандидаты, профессор

(келісім бойынша)

 

 

Ихсанов

Ерлан Ордағалиұлы

- заң ғылымдарының кандидаты

(келісім бойынша)

 

 

Башымов

Марат Советұлы

- Қазақстан Республикасы Президентінің

жанындағы Адам құқықтары жөніндегі

комиссияның Сараптамалық-консультативтік

кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);

 

 

көрсетілген құрамнан Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы, Өмірқұлов Максим Қапарұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов