«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы
№ 13-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 9 наурыздағы
№ 50-ө Өкімі

 

«Шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс топтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 13-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 2-тармақтағы «бір ай мерзімде» деген сөздер «2006 жылғы 16 наурызға» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетілген өкімге 1-қосымшада:

әкімшілік кедергілерді азайту және төрешілдіктен арылту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

 

Боранғалиева              - Қазақстан Республикасының Экономика

Мәрзия Мұхамбетрахымқызы    және бюджеттік жоспарлау министрлігi

                            Бюджеттік процесс әдіснамасы және

                            функционалдық талдау департаментінің

                            директоры, жетекшi

 

Құрманбаева               - Қазақстан Республикасы Экономика және

Ақбота Мейрамбекқызы        бюджеттік жоспарлау министрлігінің

                            Бюджеттік процесс әдіснамасы және

                            функционалдық талдау департаментi

                            функционалдық талдау басқармасының

                            бастығы, хатшы

 

Такмаков                  - Қазақстан Республикасы Энергетика және

Василий Васильевич          минералдық ресурстар министрлігінің

                            Мемлекеттік энергетикалық қадағалау

                            комитеті техникалық инспекция

                            басқармасының бастығы;

 

көрсетілген жұмыс тобының құрамынан Батырхан Арысбекұлы Исаев, Алина Болатқызы Рахымбекова, Людмила Васильевна Богатырева шығарылсын;

3) көрсетілген өкімге 2-қосымшада:

қаржы-экономикалық мәселелер және инновациялық қызмет жөніндегі жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

 

Елемесов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-

Асқар Раушанұлы            министрі, жетекшi

 

Сәтбаева                 - Қазақстан Республикасы Энергетика және

Гүлнәр Балабайқызы         минералдық ресурстар министрлігінің

                           Бюджет, қаржы рәсімдері және кадр

                           қызметі департаменті бюджеттік

                           бағдарламалардың және республикалық

                           мемлекеттік кәсіпорындар бюджеттерінің

                           атқарылуын үйлестіру, талдау бөлімінің

                           бастығы

 

Төлеев                   - Қазақстан Республикасының Индустрия

Бақыт Сейітәзімұлы         және сауда министрлігі Индустриялық-

                           инновациялық дамыту департаментінің

                           ғылыми-технологиялық және инновациялық

                           саясат басқармасы бастығының міндетін

                           атқарушы;

 

көрсетілген жұмыс тобының құрамынан Ғани Нұрмаханбетұлы Өзбеков, Бақытжан Мұханқызы Шайхисламова шығарылсын.

 

Премьер-Министрдің

міндетін атқарушы

 

К. Мәсімов