Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 ақпандағы № 114 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасында:

«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетігі» деген 3-бөлімде:

«Магистралды газ құбырлары жүйесін жаңғырту және дамыту» деген 3.3-кіші бөлімде:

«Жаңа газ құбырларын қайта құрылымдау және салу» деген 3.3.1-тарауда:

«Жұмыс істеп тұрған газ-көлік жүйесін қайта құрылымдау және салу» деген бөлігінде:

соңғы абзацтағы «және бәсекелестікті қорғау жөніндегі» деген сөздер алынып тасталсын;

«Елді газбен ішкі жабдықтау газ құбырлары тораптарын кеңейту» деген бөлігінде:

тоғызыншы абзацтағы «және «РГС» ЖАҚ», «, сондай-ақ «ҚазТрансГаз Дистрибьюшен ЖАҚ атынан газды көтерме саудамен жеткізу жөніндегі оператордың» деген сөздер алынып тасталсын;

«Саланы ұйымдастырушылық және нормативтік қамтамасыз ету» деген 3.4-кіші бөлімде:

«Газ көлік жүйесінің ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру» деген 3.4.1.-тарауда:

он үшінші абзац алынып тасталсын;

«2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының газ саласын дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-бөлімде:

«Сала жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі іс-шаралар» деген 1-кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:

 

«3-1

Қазақстан

Республикасы-

ның газ саласын

дамытудың

2007-2010

жылдардағы

кезеңге

арналған

(екінші кезеңі)

бағдарламасын

іске асыру

жөніндегі іс-

шаралар жоспарын

әзірлеу

 

Қазақстан Республикасы- ның Үкіметі қаулысының жобасы

ЭМРМ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ком-

паниялар (келісім бойынша)

2006 ж.

4-тоқсан

Талап етіл- мейдi

Жоқ

»;

 

көрсетілген Жоспарға ескертуде:

«ТМРБҚА - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі» деген жол «ТМРА - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі» деген жолмен ауыстырылсын;

«ТЖА - ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі» деген жол «ТЖМ - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі» деген жолмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов