Қазақстан Республикасының
 Заңы

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 29 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2005 жылғы 1 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 26 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 5-баптың екінші бөлігінде «Аталған» деген сөз «Осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын немесе жұмсартатын заңның кері күші болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқық бұзушылыққа қолданылады.»;

3) 9-баптың бірінші бөлігінде:

«оларды» деген сөз «және оны» деген сөздермен ауыстырылып, «қолданылатын» деген сөзден кейін «әкімшілік-құқықтық» деген сөздермен толықтырылсын;

«әкімшілік жазаға,»деген сөздерден кейін «әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларына немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 11-баптың тақырыбында «Азаматтардың» деген сөз «Адамдардың» деген сөзбен ауыстырылсын;

5) 16-баптың сегізінші бөлігінде «азаматқа» деген сөз «жеке тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 18-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«18-бап. Жеке өмірге қол сұқпаушылық»;

«Азаматтардың жеке өмірі, жеке басының» деген сөздер «Жеке өмір, жеке бастың» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 21-баптың екінші бөлігінде «өз қаулысымен» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 24-бапта:

екінші және үшінші бөліктерде «азаматтар», «Азаматтардың» деген сөздер тиісінше «жеке тұлғалар», «Жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөлікте «азаматтар» деген сөз «жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 27-баптың екінші бөлігінде «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«34-бап. Лауазымды адамдардың және басқару функциясын

орындайтын өзге де тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің,

жеке нотариустар мен адвокаттардың әкімшілік

жауаптылығы

1. Лауазымды адам қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына кінәлі лауазымды адам жалпы негіздерде жауаптылықта болуға тиіс.

2. Заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген және заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар (бұдан әрі - дара кәсіпкерлер), жеке нотариус, адвокат, сол сияқты дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын жұмыскерлері, сондай-ақ заңды тұлғаның басшылары лауазымды адамдар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.

3. Егер осы Кодекстің нормаларында олардың лауазымды адамдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылатыны көрсетілмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша лауазымды адамдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға ғана қатысты және соларға ғана қолданылуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, осы нормалар барлық жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.

Ескерту. Осы Кодексте тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын (яғни оларға қызмет жағынан тәуелді емес адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген) не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп танылады.»;

11) 36-бапта:

бірінші бөлікте «тікелей» деген сөз алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

«3-1. Егер осы Кодекстің нормаларында олардың шағын немесе орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе өзге ұйымдарға қолданылатыны көрсетілмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша олар шағын немесе орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға ғана қатысты және соларға ғана қолданылуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, осы нормалар барлық заңды тұлғаларға қатысты бірдей дәрежеде қолданылады.»;

12) 39-баптың үшінші бөлігінде «азаматтар» деген сөз «жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 44-бап мынадай мазмұндағы 3-1 бөлікпен толықтырылсын:

«3-1. Әкімшілік жаза мүліктік залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген зиянның орны осы Кодекстің 64-бабында көзделген тәртіппен толтырылады.»;

14) 45-бапта:

бірінші бөлікте:

4) тармақшадағы «әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды» деген сөздер «сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақшада «өз бетімен» деген сөздер «заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөлік «қызметін» деген сөзден кейін «немесе қызметінің жекелеген түрлерін» деген сөздермен толықтырылсын;

15) 46-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, кәсіпкерлік қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіру негізгі, сол сияқты қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.»;

16) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«48-бап. Әкімшілік айыппұл

1. Әкімшілік айыппұл (бұдан әрі - айыппұл) - әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза.

Осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген салық міндеттемелерінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып жүргізілген операция сомасының процентімен не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерімен көрсетіледі.

2. Осы бөліктің екінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмайды.

Осы бөліктің үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.

Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.

3. Осы бөліктің екінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

Осы бөліктің үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы бапта көрсетілген айыппұлдардың белгіленген мөлшерінен асатын немесе одан кем мөлшерде белгіленуі мүмкін.

5. Айыппұл заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады.

6. Заңды тұлғаларды шағын немесе орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;

17) 49-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«49-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның

тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою

1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою, оны судья қаулысының негізінде мәжбүрлеп алып қоюдан және сот актілерін орындау үшін көзделген тәртіппен кейіннен өткізуден тұрады. Осындай затты өткізуден түскен соманы сот орындаушысы оларды өткізу жөніндегі шығыстарды шегере отырып, меншік иесіне береді.»;

18) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«50-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның

тікелей объектісі болған затты, сондай-ақ әкімшілік

құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүліктi

тәркілеу

1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу оларды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз өндіріп алудан тұрады.

Меншік иесіне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның заңсыз иелігінен алып қою тәркілеу болып табылмайды. Айналымнан алынған зат мемлекет меншігіне өндіріп алынуға немесе жойылуға тиіс.

2. Тәртіп бұзушының меншігі болып табылатын зат қана тәркіленуге жатады.

3. Аңшылық қаруды, оның оқ-дәрілерін және басқа да рұқсат етілген аң аулау және балық аулау құралдарын тәркілеуді аң аулау (балық аулау) өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

4. Тәркілеуді судья қолданады және ол осы бөлімнің ерекше бөлімінің тиісті бабында әкімшілік жаза ретінде көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкін.»;

19) 51-баптың бесінші бөлігінде «Аң аулау қаруларын» деген сөздер «Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруларын, оның оқ-дәрілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;

20) 52-бапта:

бірінші бөлікте «Жеке кәсіпкерлерді немесе» деген сөздер «Жеке тұлғаларды, дара кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, адвокаттарды және» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөлік алып тасталсын;

21) 53-бапта:

тақырып, бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктер «қызметін» деген сөзден кейін «немесе қызметінің жекелеген түрлерін» деген сөздермен толықтырылсын;

бесінші бөлік алып тасталсын;

22) 54-баптың тақырыбы мен мәтінінде «Өз бетімен» деген сөздер «Заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

23) 55-бапта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әкімшілік қамауға алуды судья ерекше жағдайларда жеке адамға қарсы әкімшілік құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлері үшін - он бес тәулікке дейінгі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерін жасағаны және (немесе) төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін отыз тәулікке дейінгі мерзімге тағайындайды.»;

екінші бөлік алып тасталсын;

24) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«58-бап. Жол жүрісі ережелерін білуді тексеру

Осы Кодекстің 467-бабында (алтыншы бөлігінде) көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған, сондай-ақ 462 (екінші бөлігінде), 463(бірінші бөлігінде), 468 (бірінші және үшінші бөліктерінде) баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаған көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі ережелерін білуін тексеру үшін олар емтихан тапсыруға жіберілуі мүмкін. Жүргізушіні жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінің (бөлімдерінің, басқармаларының, департаменттерінің) бастықтары мен олардың орынбасарлары шығаруға құқылы.»;

25) 59-баптың бірінші бөлігінде «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

26) 61-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау.»;

27) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«64-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу

1. Судья мүліктік зиян келтірген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келіп, егер зиянның мөлшері туралы дау болмаса, әкімшілік жаза қолдану туралы мәселені шешумен бір мезгілде осындай зиянды өндіріп алады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген мүліктік зиянның мөлшері туралы даулар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.

2. Өзге уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік зиянды өтеу, кінәлі адам оны өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүргізіледі.

3. Іскерлік беделді қорғау немесе әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздемелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.»;

28) 70-баптың бірінші бөлігінде», не жазаның қосымша түрінен» деген сөздер алып тасталсын;

29) мынадай мазмұндағы 71-1-баппен толықтырылсын:

«71-1-бап. Тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты

әкімшілік жауаптылықтан босату

1. Осы Кодекстің 9-1-тарауында, сондай-ақ 131, 158, 158-1-баптарында, 174-бабында (үшінші бөлігі) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адаммен бітімгершілікке келгеннен кейін тоқтатылуға жатады.

2. Бітімгершілікке келу жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады.»;

30) 73-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкімшілік айыппұлдың мөлшері осы Кодекстің ерекше бөлімінің бабында көзделген айыппұл мөлшеріне қарамастан, айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмауға және он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді. Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады.»;

31) 79-2-бап алып тасталсын;

32) 79-3-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіру, егер осы іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -";

33) 82-баптың тақырыбында, бірінші абзацында және 83-баптың бірінші абзацында «Азаматтардың» деген сөз «Жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

34) 84-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«84-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту, сол сияқты

ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын

заңсыз шектеу

1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, белгіленген тәртіппен жиналған, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты құжаттарды, материалдарды беруден заңсыз бас тарту не жеке тұлғаға толық емес немесе көрінеу жалған ақпарат беру, сол сияқты жалпы жұрт қол жеткізетін ақпаратты шектеулі қол жеткізілетін ақпаратқа заңсыз түрде жатқызу, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Лауазымды адамның осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасауы, егер бұл әрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

35) 86 және 87-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«86-бап. Қылмыс жасады деген кінәлілік туралы мәліметтердi

тарату

Істі сот қарағанға дейін немесе ақтау үкімі болған кезде адамның қылмыс жасады деген кінәлілігі туралы мәліметтерді көпшілікке тарату, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

87-бап. Еңбек туралы заңнаманы бұзу

1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның еңбек туралы заңнаманы және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзуы, -

айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -

айлық есептік көрсеткіштің он бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және заңнамалық актілерде белгіленген мерзімде төлемеуі, сол сияқты төлемді кідірту кезеңіне өсімпұлды есептемеуі және төлемеуі, -

айлық есептік көрсеткіштің он бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -

айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертулер.

1. Осы Кодексте жұмыс беруші деп басшысы (әкімшілігі) өкілдік ететін заңды тұлға, не жұмыскер онымен еңбек қатынастарында тұратын жеке тұлға танылады.

2. Егер атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың басшылары басқаратын ұйымдар жалақыны төлеуге қаражат беруді (аударуды) кідіртсе, оларды осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған лауазымды адамдар деп түсіну керек.»;

36) 87-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға - жетпістен екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

37) 88-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөліктің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - қырықтан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

38) 88-1-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - аударылмаған (уақытында аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

39) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«89-бап. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбекті қорғау

ережелерін бұзу

1. Жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманы жазатайым жағдайға әкеп соқпаған бұзуы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Лауазымды адамның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылау және қадағалау жөніндегі міндеттерді жүзеге асырмауы, егер бұл жұмыскердің денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, жазатайым оқиғаға әкеп соқса немесе оның өмірі мен денсаулығына көрінеу қауіп төндірсе, -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

40) 96-баптың тақырыбында «Азаматтың» деген сөз «Жеке тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;

41) 97-баптың екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

42) мынадай мазмұндағы 111-1-баппен толықтырылсын:

«111-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық

бұзушылық жасауға тарту

1. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;

43) 113-баптың екінші абзацында «екіге» деген сөз «онға» деген сөзбен ауыстырылсын;

44) 114-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«114-бап. Кәмелетке толмағандарға темекіні және темекi

бұйымдарын сату

1. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату, -

жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

жеке тұлғаларға - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

45) 115-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -";

46) 116-баптың тақырыбында және бірінші абзацында «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

47) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«118-бап. Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу

Мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иелену немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттік жерді уақтылы қайтармау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

48) 119-бап алып тасталсын;

49) 120-127-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«120-бап. Жерге орналастыру құжаттамасын бекітудің

белгіленген тәртібін бұзу

Жерге орналастыру құжаттамасын бекітудің белгіленген тәртібін бұзу, сол сияқты оған өзгерістерді заңсыз енгізу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

121-бап. Арнаулы белгілерді жою

1. Жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін жою, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жер асты суларын байқаушы және режимдік ұңғыларды, су объектілеріндегі байқаушы режимдік тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерін, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгілерін, маркшейдерлік, геодезиялық және нивелирлік пункттер мен белгілерді жою немесе бүлдіру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

122-бап. Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу

Жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмілелер жасау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

123-бап. Кен орны учаскелерін іріктеп өңдеу

1. Кен орны учаскелерін пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына, олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негізсіз ысырабына әкеп соғатын іріктеп өңдеу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кен орны учаскелерін өңдеу жөніндегі жобалық шешімдерді қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соғатын орындамау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

124-бап. Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу

1. Су объектілерін заңсыз басып алу, заңсыз су пайдалану, су пайдалану құқығын басқа біреуге беру, сондай-ақ суға мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Лимиттерді бұзып су алу, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргізу, су объектілерінен алынған немесе бөлінген жер асты және жер үсті суларын қырсыздықпен пайдалану, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

125-бап. Орманға мемлекеттік меншік құқығын бұзу

Орман қоры учаскелерін орманға мемлекеттік меншік құқығын бұзатын сатып алу-сату, сыйға тарту, кепілге салу, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын басқа біреуге заңсыз беру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

126-бап. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік

меншік құқығын бұзу

1. Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану құқығын басқа біреуге заңсыз беру, сондай-ақ жануарлар дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етілетін қорықтар мен ерекше қорғалатын басқа да табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз пайдалану, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Өсімдіктер дүниесі объектілерін пайдалану құқығын басқа біреуге заңсыз беру, сондай-ақ өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етілетін өсімдіктер дүниесі объектілерін заңсыз пайдалану, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

127-бап. Энергияны, газды немесе суды заңсыз пайдалану

Электр не жылу энергиясын, газ не су құбырлары желілерінен газды немесе суды заңсыз қосу, пайдакүнемдік мақсатта пайдалану, сол сияқты кәріздік желілерге заңсыз қосу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

50) 130-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

51) 132, 133 және 134-баптар алып тасталсын;

52) 134-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«134-1-бап. Мемлекеттік заттай гранттарды қайтару мерзімдерін

бұзу

Мемлекеттік заттай гранттардың инвестициялар туралы заңнамада белгіленген қайтару мерзімдерін бұзу, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден мыңға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

53) 135-бап алып тасталсын;

54) 135-1-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

55) 137, 138, 139-баптар алып тасталсын;

56) 140-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«140-бап. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету

немесе жіберу ережелерін бұзу

1. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету немесе жіберу ережелерін бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

57) 142-бап алып тасталсын;

58) 143 және 144-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«143-бап. Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен

айналысу

Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ түрлерімен айналысу, -

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

144-бап. Кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету

ережелерін бұзу

Белгіленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамаудан көрініс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету ережелерін бұзу, -

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

59) 146-бап алып тасталсын;

60) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«147-бап. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу

1. Бәсекені шектеу, жосықсыз бәсеке, нарықтағы басым (монополистік) жағдайды теріс пайдалану, сол сияқты монополияға қарсы заңдарды өзге де бұзушылық, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса және кіріс алуға әкеп соқпаса, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кіріс алуға әкеп соққан іс-әрекеттер, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлкі тәркілене отырып, дара кәсіпкерлер мен лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

61) мынадай мазмұндағы 147-1-баппен толықтырылсын:

«147-1-бап. Мемлекеттік монополия туралы заңнаманы бұзу

Мемлекеттік монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтамауы, -

мемлекеттік монополия субъектісіне айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

62) 148, 149 және 150-баптар алып тасталсын;

63) 151-баптың бірінші абзацына «азаматтар (дара кәсіпкерлер) және заңды тұлғалар қызметіне заңсыз араласуы, оның ішінде олардың кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіретін заңсыз актілер шығару және заңсыз тапсырмалар беру түрінде» деген сөздер «дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, олардың кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіретін заңсыз актілер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;

64) 152-бап алып тасталсын;

65) 153-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«153-бап. Тексеруді заңсыз жүргізу»;

бірінші бөліктің екінші абзацында «он беске» деген сөздер «жиырмаға» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші тармағында көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

66) 154-бапта:

бірінші абзацта «азаматқа» деген сөз «жеке тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

67) 155-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншік иелеріне не дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншік иелеріне не дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

68) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«156-бап. Әдейі банкрот болу

Әдейі банкрот болу, яғни коммерциялық ұйымның лауазымды адамының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің өз мүдделері немесе өзге адамдардың мүдделері үшін, ірі залал келтірмейтіндей немесе өзге де ауыр зардаптарға соқтырмайтындай етіп әдейі төлемсіздік қабілетіне жеткізуі, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

69) 157-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден бес жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

70) 159-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«159-бап. Тұтынушыларды алдау

1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, кем есептеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттері немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып және қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

71) 160-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацта «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацта «жиырмадан» деген сөз «отыздан» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

екінші абзацта «жүзге» деген сөз «сексенге» деген сөзбен ауыстырылсын;

үшінші бөлікте:

бірінші абзацта «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацта «елуге» деген сөз «қырыққа» деген сөзбен ауыстырылсын;

72) 161-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«161-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу

саласындағы заңнамасын бұзу

1. Сатып алушының өтініші бойынша тауар, оның шығарылған жері, дайындаушылары, тұтыну қасиеттері, кепілдік берілген міндеттемелер және талап қою тәртібі туралы қажетті ақпарат бермеу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екіден беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыру тәртібін бұзу, -

ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің екіден үшке дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Базар әкімшілігінің базар аумағын уақтылы тазартуды және абаттандыруды қамтамасыз ету, базарда санитарлық күн өткізу және базар аумағындағы объектілерге және сауда орындарын энергиямен, сумен, жылумен жабдықтауға қатысты сервистік қызмет көрсету жөніндегі талаптарды бұзуы, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Сауда қызметі субъектілерінің тауардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарсыз, сатылу уақытында сапасын жоғалтқан және сапасыздық разрядына өткен және (немесе) тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін (соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына одан тыс жерлерден әкелінген) тауарларды сатуы, сол сияқты тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты заңсыз пайдалануы, -

тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың бірінші - төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

73) 162-баптың екінші абзацында «жиырма беске дейінгі» деген сөздер «оннан жиырма беске дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

74) 163, 163-1 және 164-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«163-бап. Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы

ережелерін бұзу, сол сияқты белгіленген

стандарттарға сәйкес келмейтін этил спирті мен

алкогольді өнімді өндіру

1. Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы ережелерін бұзу, сол сияқты тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін этил спирті мен алкогольді өнімді өткізу мақсатында өндіру, -

құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болған тауарлар және құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болған тауарлар және құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

163-1-бап. Темекі бұйымының маркасын пайдалану

1. Темекі бұйымдарының өздерін немесе темекі бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзінде темекі бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

164-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату

1. Дара кәсіпкерлердің және сауда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тауарларды шығарылған елі туралы, дайындаушысы, жеткізушісі немесе сатушысы туралы не тауар (қызмет) туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде анық және жеткілікті ақпараты бар құжаттарсыз сатуы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

75) 166-баптың екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

76) мынадай мазмұндағы 166-1-баппен толықтырылсын:

«166-1-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын

қабылдаудан бас тарту

1. Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту, -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтау мен айырбастаудан бас тартуы, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

77) 168-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден тоғыз жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

78) 168-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«168-1-бап. Микрокредиттік ұйымдар туралы заңнама

талаптарын бұзу

1. Микрокредиттік ұйымдардың микрокредиттік ұйымдар туралы заңнамаға сәйкес тыйым салынған не олардың құқық қабілеттілігі шегінен тыс операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - мәміле сомасының оннан бір процентіне дейінгі не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының отыз процентіне дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға мәміле сомасының оннан бір процентіне дейінгі не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының елу процентіне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Микрокредиттік ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

79) 168-2-бап мынадай мазмұндағы 4-1 бөлікпен толықтырылсын:

«4-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін банктердің әлденеше рет бұзуы, -

заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

80) 169-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге - алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

81) 170-1-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацта «жағдайларды» деген сөздер «әрекеттерді» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға - жүз, заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға - үш жүз, заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

82) 173-бапта:

екінші бөліктің екінші абзацында «төрт жүз елуге дейінгі» деген сөздер «екі жүзден төрт жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің екінші абзацында «бес жүзге дейінгі» деген сөздер «екі жүзден бес жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші бөліктердің екінші абзацында «айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі» деген сөздер «елу айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

тоғызыншы бөліктің екінші абзацында «айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі» деген сөздер «екі жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

оныншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаға тиісінше есепке алынбаған соманың бес проценті мөлшерінде, бірақ жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

он бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамға - елу, заңды тұлғаға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

он екінші бөліктің екінші абзацында «айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі» деген сөздер «жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

он үшінші бөліктің екінші абзацында «айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі» деген сөздер «елу айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

он бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

он алтыншы бөліктің екінші абзацында «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздер «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

83) 174-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

84) 175-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«елуге дейінгі» деген сөздер «жиырмадан елуге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бес жүзге дейінгі» деген сөздер «екі жүзден бес жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

85) 176-бапта:

екінші бөлікте:

бірінші абзацта «азаматқа» деген сөз «жеке тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацта «жүзге» деген сөз «елуден жүзге» деген сөздермен ауыстырылсын;

86) 177-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

87) 179 және 180-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«179-бап. Заңды тұлғаның бухгалтерлік есепке алу туралы

заңнаманы бұзуы

1. Заңды тұлғаның бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтару немесе бухгалтерлік есепке алудың бекітілген стандарттарын және Ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі шоттарының бас жоспарын сақтамау түрінде бухгалтерлік есепке алу туралы заңнаманы бұзуы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүз қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркеу орны бойынша мемлекеттік статистика органдарына, бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыретіне сәйкес қаржы есептілігін табыс етуден бас тарту, белгіленген мерзімді бұза отырып табыс ету не оны дәлелді себепсіз табыс етпеу, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетпістен екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Заңды тұлғалардың валюта операцияларын бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісінше көрсетпей жүргізуі, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған соманың жиырмадан елу процентіне дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз процентіне дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Заңды тұлғалардың есепке алу мен есептіліктің белгіленген нысандары тәртібін бұза отырып, валюта операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуі, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған соманың елу процентіне дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентіне дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

180-бап. Валюта операциялары бойынша есептілікті табыс ету

ережелерін бұзу

1. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес талап етілетін валюта операциялары бойынша есептілікті уақтылы табыс етпеуі (заңнамада белгіленген мерзім күнінен асып кеткен мерзімде) немесе дұрыс емес есептілікті табыс етуі, -

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Табыс етпеу, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан сексенге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

88) 181-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - анықтама-сертификат жазылған соманың жетпіс процентіне дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентіне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

89) 182-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«182-бап. Валюта операциялары туралы хабарламаны растауды,

сондай-ақ валюта операцияларына тіркеу куәлігі мен

лицензия алу үшін құжаттар беру мерзімін бұзу

Жеке және заңды тұлғалардың валюта операциялары туралы хабарламаны растауды, валюта операцияларына тіркеу куәлігін, валюта операцияларына лицензия алу үшін құжаттар беру мерзімін бұзуы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге - екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

90) 183-баптың екінші абзацында «айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі» деген сөздер «жиырма айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

91) 185-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

92) 186-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ұйым басшыларына, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

93) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«187-бап. Ұлттық және шетелдік валюта түріндегі қаражатты

шетелден қайтармау, сол сияқты импорттық мәмілелер

бойынша алынатын тауарды алмау не ақшаны қайтармау

1. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) алу не ақшаны қайтару валюталық реттеу туралы заңнамалық актіге сәйкес міндетті болған жағдайда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) алмау не Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді көздейтін импорттық мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резиденттің резидент емесін, пайдасына аударған, уәкілетті банктердегі шоттарға есептелуге жататын ақшаны қайтармау, -

жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) импортына, экспортына байланысты мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті банктеріндегі шоттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде аударылуға жататын ақшаны қайтармау, -

жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) не қайтарылмаған ақша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асқан және бұл әрекеттерде қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ болған жағдайда осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық туындайды.»;

94) 188-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының жетпіс процентіне дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентіне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

95) 189-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

96) 195-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

97) мынадай мазмұндағы 201-1-баппен толықтырылсын:

«201-1-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар

туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу

1. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актісінде өзінің қызметі, инвестициялық қордың таза активтерінің құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткіштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртібін бұзуы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

98) 204-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

99) 205-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - алтыға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке тұрмаған әр айы үшін салық салынатын айналым сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыстан жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

100) 205-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

101) 206-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«206-бап. Салық есептілігін, сондай-ақ салық төлеушінің

мониторингін жүргізуге қажетті құжаттарды табыс

етпеу

1. Салық төлеушінің, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Салық төлеушінің салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мұндай есептілікті табыс ету мерзімінен тоқсан күн өткенше салық органына табыс етпеуі, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Салық төлеушілердің мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрдегі), сондай-ақ электрондық мониторинг бойынша салық есептілігін салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не оны табыс етуден бас тартуы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

102) 208-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«208-бап. Кірістерді, шығыстарды және салық салу объектілерін

есепке алу ережелерін бұзу

1. Салық төлеушіде кірістер, шығыстар және салық салу объектілері есебінің болмауы немесе осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілуі, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының он проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) есепке алу және сату жөніндегі операциялардың есеп құжаттамасында көрсетілмеуі, -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттарының және (немесе) шот-фактураларының және (немесе) тіркелімдерінің болмауы, бухгалтерлік есептің шоттарында және қаржы есептілігінде салық төлеушінің активтері мен міндеттемелерінің дер кезінде немесе дұрыс көрсетілмеуі осы баптың мақсаты үшін кірістерді, шығыстарды және салық салу объектілерін есепке алу ережелерін бұзу деп түсініледі.»;

103) 208-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүргізілген есеп айырысу сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

104) 209-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің үстеп есептелген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - декларацияда өсіріп көрсетілген шығын сомасынан есептелген корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға декларацияда өсіріп көрсетілген шығын сомасынан есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - ағымдағы төлемдердің кемітіп көрсетілген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

алтыншы бөліктің екінші абзацында «елу» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

105) 210-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да міндетті төлемдердің ұсталмаған сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да міндетті төлемдердің аударылмаған сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

106) 211-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - шот-фактураға енгізілген қосылған құн салығы сомасының жүз жиырма проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

107) 212-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында «айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі» деген сөздер «он бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -";

екінші абзацта «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

108) 213 және 214-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«213-бап. Акцизделетін тауарларды әкелу, тасымалдау, өндіру,

сақтау мен өткізу ережелерін бұзу

1. Акцизделетін тауарларды әкелудің, тасымалдаудың, өндірудің, сақтау мен өткізудің заңнамада белгіленген ережелерін бұзу, -

акцизделетін тауарлары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -

акцизделетін тауарлары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

214-бап. Таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу

Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен таңбалаудың заңнамада белгіленген тәртібі мен ережелерін бұзу, -

таңбалау тәртібі мен ережелері бұзылып таңбаланған тауарлары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

109) 215-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

110) 216-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

111) 219-бапта:

екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

112) 220-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

113) 221-бапта:

бірінші абзацта «төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет органының» деген сөздер «төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

114) 222-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан, арнайы рұқсаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан, арнайы рұқсаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

115) 223-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

116) 224-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

117) 225-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

118) 225-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

119) 229-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацта «өз бетімен» деген сөздер «заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

120) 230-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

121) 231-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«231-бап. Сәулет-құрылыс қызметі саласында заңнама мен

мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып,

жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау,

құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс

материалдарын, бөлшектері мен құрастырмаларын

шығару мен қолдану

1. Сәулет-құрылыс қызметі саласында заңнама талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектері мен құрастырмаларын шығару, қолдану, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

қызметтің тиісті түріне берілген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден тоғыз жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

122) 232-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«қызметтің тиісті түріне берілген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден сегіз жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

123) 233-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«233-бап. Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау

құжаттамасынсыз объектілерді тұрғызу және қайта

жаңғырту кезінде құрылыс, құрылыс-монтаж,

жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу

1. Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз объектілерді тұрғызу және қайта жаңғырту кезінде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, -

жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

лицензиядан айыра отырып не онсыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

124) 234-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

125) 235-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«235-бап. Белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізілмеген

немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсатсыз

объектілерді салу, қайта жаңғырту және күрделi

жөндеу

1. Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткізілмеген немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсатсыз объектілерді салу, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

126) 236-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға - мемлекеттік қабылдау комиссиясының мүшелеріне, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

127) 237-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«237-бап. Заңсыз құрылыс

Белгіленген тәртіппен алынған лицензиясыз, рұқсатсыз өндірістік, тұрғын-үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді заңсыз салу, -

заңсыз салынған немесе салынып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

128) 238-бапта:

тақырыпта және бірінші абзацта «өз бетімен» деген сөздер «заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

129) 239-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

130) 240-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацта «талаптарды» деген сөзден кейін», сондай-ақ гигиеналық нормативтерді» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

131) 241-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - жиырма бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

132) 242-бапта:

тақырып және бірінші абзац «шығарылуы» деген сөзден кейін», қалдықтарды орналастыру» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзацта «айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі» деген сөздер «жиырма бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

133) 243-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкасының бір мың проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

134) 244-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«244-бап. Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және

сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды

пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ жабдықтарды

пайдаланбау

Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ жабдықтарды пайдаланбау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

135) 245-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

136) 246-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«246-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы

нормативтерден асып кететін көлік және басқа да

жылжымалы құралдарды шығару

1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі кезінде шығатын шудың деңгейі белгіленген нормативтерден асып кететін автомобильдерді, ұшақтарды, кемелерді және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

137) 247-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацта «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

138) 248-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«248-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі заңнаманы бұзу

1. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін жаңа және қайта жаңғыртылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді пайдалануға қабылдау, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін жаңа және қайта жаңғыртылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді пайдалану, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

139) 249-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

140) 250-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацта «өз бетімен» деген сөздер «заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

141) 251, 252 және 253-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«251-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз

пайдалану немесе пайдаланбау

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану немесе пайдаланбау топырақ құнарлылығының төмендеуіне әкеп соқтырған болса, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

252-бап. Жерді пайдаланудың табиғат қорғау режимі талаптарын

орындамау

1. Жерді пайдаланудың табиғат қорғау режимі талаптарын орындамау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

253-бап. Жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау

Жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

142) 254-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

143) 255-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

144) 256-бапта:

бірінші абзацта «Азаматтардың» деген сөз «Жеке» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші абзацта «айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

145) 257-бапта:

тақырып «учаскелері» деген сөзден кейін», арнайы жер қоры» деген сөздермен толықтырылсын;

бірінші абзац «учаскелері» деген сөзден кейін», арнайы жер қоры» деген сөздермен толықтырылсын;

146) 258-баптың екінші абзацында «айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі» деген сөздер «жиырма айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

147) 259-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

148) 261-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

149) 262-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

150) 263-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

151) 264-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

152) 265-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

153) 266-бап алып тасталсын;

154) 267-баптың екінші абзацында «жиырма беске дейінгі» деген сөздер «оннан жиырмаға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

155) 268-баптың екінші абзацында «жиырма беске дейінгі» деген сөздер «оннан жиырмаға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

156) 270-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

157) 271-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

158) 272-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

159) 273-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

160) 274-баптың екінші абзацында «айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі» деген сөздер «жиырма бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

161) 275-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«275-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу

ережелерін бұзу

1. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу ережелерін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың талаптарын бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі экологиялық талаптары мен шарттарын орындамау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

162) 276-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

163) 277-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

164) 278-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«278-бап. Су айдындарының жай-күйіне әсер ететін заңсыз

құрылыс

1. Өзендердің және басқа да су айдындарының жай-күйіне әсер ететін ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді заңсыз салу, -

ескерту жасауға немесе заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұздыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Заңсыз су ұңғымасын бұрғылау және жер асты суларының су тарту тоғандарын салу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

165) 279-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

166) 280-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

167) 281-баптың екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

168) 282-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

169) 283-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, құқық бұзушының көлік құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, құқық бұзушының көлік құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мың бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

170) 284-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

171) 285-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

172) 286-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацта «Орман» деген сөз «Мемлекеттік орман» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

173) 287-бапта:

тақырыпта «өз бетімен» деген сөздер «заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

мәтінде «азаматтарға», «өз бетімен» деген сөздер тиісінше «жеке тұлғаларға», «заңсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;

174) 289-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«289-бап. Орман үшін пайдалы фаунаны құрту, сондай-ақ орманды

қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдіру, ластау

және орман қоры жеріне өзге де залал келтіру

1. Орман үшін пайдалы фаунаны жою, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ормандардың қурап қалуына немесе ауруға шалдығуына не ластануына ұшырататын сарқынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсіптік және тұрмыстық төгінділермен, қалдықтармен және тастандылармен орманды бүлдіру, -

жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Орман қоры жеріндегі орман құрғату жыраларын, дренаж жүйелері мен жолдарды жою немесе бүлдіру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші - үшінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

175) 290-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

176) 291-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

177) 293-баптың екінші абзацында «айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзге дейінгі» деген сөздер «үш жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;

178) 294-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

179) 295-бапта:

тақырыпта «өз бетімен» деген сөздер «заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

бірінші бөлікте:

бірінші абзацта «өз бетімен» деген сөздер «заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің сегізге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің сегізден он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

180) 296-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің сегізге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

181) мынадай мазмұндағы 296-1-баппен толықтырылсын:

«296-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген

түрлерінде жеке тұлғалардың болу тәртібін бұзу

Жеке тұлғалардың мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи саябақтардың аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшін белгіленген орындардан тыс жерлерде болуы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

182) 297 және 298-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«297-бап. Селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді бүлдіру

немесе жою

Селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді: артықшылығы бар ағаштарды, артықшылығы бар ағаштардың мұрағаттық клондарын, географиялық дақылдарды, популяциялар мен будандардың сынақ дақылдарын бүлдіру немесе жою, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

298-бап. Заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесін пайдалану

1. Аң аулау ережелерін, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру ережелерін қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ бұзу және осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген аң аулау ережелерін бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жарылғыш құрылғыларды, авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолданып заңсыз аң аулау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған аң аулау ережелерін бұзу, -

жануарларды аулау құралдары, көлік құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралдары болған өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер, -

құқық бұзушылық жасау құралдары немесе тікелей құқық бұзушылық объектілері болған заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.»;

183) 298-1-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«құқық бұзушылық жасау құралдары немесе тікелей құқық бұзушылық объектілері болған заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

184) 299-бапта «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

185) 300-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

186) 301-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

187) 302-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«лауазымды адамдарға» деген сөздерден кейін», дара кәсіпкерлерге» деген сөздермен толықтырылсын;

«жүз елуге дейінгі» деген сөздер «жүзден жүз елуге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында:

«лауазымды адамдарға» деген сөздерден кейін», дара кәсіпкерлерге» деген сөздермен толықтырылсын;

«жүз елуге дейінгі» деген сөздер «жүзден жүз елуге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

екінші абзацта «екі жүзге дейінгі» деген сөздер «жүз елуден екі жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

188) 303-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацта «өз бетімен» деген сөздер «заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

құқық бұзушылық жасалған кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеулер нәтижелері тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

189) 304-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

құқық бұзушылық жасалған кемесі мен құралдары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма бес есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

190) 305-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында «жүз елуге дейінгі» деген сөздер «жетпіске дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

екінші абзацта «екі жүзге дейінгі» деген сөздер «жүзден жүз елуге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

191) 306-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«306-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы

минералдық және жанды ресурстарды заңсыз беру

1. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы минералдық және жанды ресурстарды шет мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғаларына не шет мемлекеттерге заңсыз беру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға заңсыз берілген минералдық және жанды ресурстар құнының жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

құқық бұзушылық жасалған кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелері тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға заңсыз берілген минералдық және жанды ресурстар құнының екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

192) мынадай мазмұндағы 306-1-баппен толықтырылсын:

«306-1-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу

1. Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы заңнама талаптарын орындамау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Экологиялық аудиторлардың (экологиялық аудиторлық ұйымдардың) көрінеу дұрыс емес экологиялық аудиторлық есеп жасауы, -

экологиялық аудиторларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, экологиялық аудиторлық ұйымдарға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

экологиялық аудиторлық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, экологиялық аудиторларға - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, экологиялық аудиторлық ұйымдарға - сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Тексеріліп жатқан тұлғаның экологиялық аудит жүргізілу барысында дұрыс емес экологиялық аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын көрінеу дұрыс емес немесе толық емес ақпаратты беруі, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

193) 307-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

194) 308-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«308-бап. Карантиндік тексеруден және тиісті өңдеуден өтпеген

материалдарды әкелу және әкету

Карантиндік тексеруден және тиісті өңдеуден өтпеген импортталатын және экспортталатын өсімдік материалдарын өсімдік карантині жөніндегі шекаралық пункттерге және шекарадағы бекеттерге әкелу және олардан әкету, осы жүктерді рұқсат етілетін карантин құжаттарынсыз тасымалдау, -

карантиндегі өнімдерді тәркілей отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

195) 309-бап алып тасталсын;

196) 309-1-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«белгілі бір қызмет түріне берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

сегізінші бөліктің екінші абзацында «бес жүзден жеті жүзге дейінгі» деген сөздер «төрт жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

197) 309-2-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

198) мынадай мазмұндағы 309-3-баппен толықтырылсын:

«309-3-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүзеге

асыру тәртібін бұзу

Фитосанитариялық есептілікті табыс етпеу, сол сияқты уақтылы табыс етпеу, -

жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

199) 310-бапта:

тақырыпта және мәтінде «Мал дәрігерлік», «мал дәрігерлік», «мал дәрігерлік саласында» деген сөздер тиісінше «Ветеринария», «ветеринариялық», «ветеринария саласында» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«8-1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті қорытындысынсыз жаңа, жетілдірілген ветеринария препараттарын қолдану;

8-2) ветеринариялық-санитариялық объектілерді салу мен ұстауды қамтамасыз етпеу;";

он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

200) 311-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацында «Азаматтардың» деген сөз «Жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

201) 312-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

202) 313-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

203) 314-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«314-бап. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе

орындамау

1. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауапты адамның оларды бұзуы немесе орындамауы, егер бұл адам денсаулығына зиян немесе елеулі залал келтірсе, қылмыс белгілері болмаған кезде, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

204) 315-бапта:

бірінші абзацта «Құзыретті», «құзыретті» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті», «уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.»;

205) 316-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.»;

206) 317-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«317-бап. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету

саласындағы заңнаманы бұзу»;

бірінші бөлікте:

бірінші абзацта «Стандарттау, сертификаттау және өлшем бірлігі туралы заңдарды» деген сөздер «Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы» деген сөздермен ауыстырылсын;

он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

207) 318-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

208) 319-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

209) 319-1-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

210) 320-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

211) 321-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«321-бап. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен

прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау

1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, сол сияқты оларды заңсыз жарнамалау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енген есірткі құралдарын және психотроптық заттарды медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арнап мамандандырылмаған баспа басылымдарында жарнамалау, сол сияқты құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттар бар дәрілік препараттар үлгілерін жарнамалау мақсатында тарату, -

тиісті қызмет түріне берілген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертулер.

1. Осы бапта есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау деп жеке және заңды тұлғалардың есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, дайындау тәсілдері, әдістері туралы және оларды пайдалану, сатып алу орындары туралы мәліметтерді таратуға, сондай-ақ кітап өнімдерінің, бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің өндірісіне және оны таратуға, аталған мәліметтерді компьютер желілерінде таратуға немесе осы мақсатта да өзге де іс-әрекеттер жасауға бағытталған қызметін түсінген жөн.

2. Осы бапта есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп жеке және заңды тұлғалардың адамның қабылдауы мен түйсігіне ол сезіне алмайтындай әсер ететін, оның есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға қызығушылығын қалыптастыратын немесе қолдайтын кез келген ақпаратты кез келген құралдар көмегімен кез келген нысанда тарату және орналастыру жөніндегі қызметін түсінген жөн.»;

212) 323-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«323-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

салауаттылығы саласындағы заңнаманы, сондай-ақ

гигиеналық нормативтерді бұзу

1. Абайсыздықтан жаппай ауруға немесе адамдардың улануына, немесе адам өліміне әкеп соқтырмаған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін іс-әрекет, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

213) 325-бапта:

бірінші абзац «таратуы» деген сөзден кейін», орналастыруы» деген сөзбен толықтырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

214) 326-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацында «Дәрігердің» деген сөз «Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған не дәрігердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

215) 327-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

216) 329-бап алып тасталсын;

217) 330-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацта «азаматтарды», «азаматтардың» деген сөздер «жеке тұлғаларды», «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацта «үшке дейінгі» деген сөздер «үштен онға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

екінші абзацта «беске дейінгі» деген сөздер «оннан жиырмаға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

218) 332-бапта:

бірінші және екінші бөліктердің бірінші абзацында «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 333-бабында көзделген құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам жасаған іс-әрекеттер, -";

219) 333-бапта:

бірінші абзацта «Азаматтардың» деген сөз «Жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

220) 334-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не аварияларды, өрттерді, табиғи апат зардаптарын жою кезеңінде жасалған іс-әрекеттер, -";

221) мынадай мазмұндағы 336-2-баппен толықтырылсын:

«336-2-бап. Қоғамдық орындарда есірткі құралдарын,

психотроптық заттарды және прекурсорларды

медициналық тұрғыдан тыс тұтыну

1. Қоғамдық орындарда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтыну, -

айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

222) 337-бап алып тасталсын;

223) 340-баптың екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

224) 342-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

225) 344-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

телевизия бағдарламалары мен (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілетін лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

226) 345-бап алып тасталсын;

227) 346-баптың екінші абзацында «азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға» деген сөздер «лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің» деген сөздермен ауыстырылсын;

228) 347-баптың екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

229) 348-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

230) 349-бапта:

екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

231) 350-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

232) 353-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

233) 354-бапта:

бірінші бөліктің бірінші абзацында «Азаматтардың» деген сөз «Жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

234) 355-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

235) 356-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жеке кәсіпкерлер мен» деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші және төртінші бөліктердің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

236) мынадай мазмұндағы 356-1-баппен толықтырылсын:

«356-1-бап. Бақылау және қадағалау функцияларын заңсыз беру

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын уәкілетті емес тұлғаларға заңсыз беруі, -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

237) 357-бапта:

бірінші абзацта «өз бетімен» деген сөздер «заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші абзацта «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

238) мынадай мазмұндағы 357-1, 357-2, 357-3 және 357-4-баптармен толықтырылсын:

«357-1-бап. Тиісті тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнайы

рұқсатсыз, біліктілік аттестатынсыз (куәлігінсіз)

кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу,

сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге

асыру

1. Рұқсат, лицензия, біліктілік аттестаты (куәлігі) міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілік аттестатынсыз (куәлігінсіз) кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар тәркіленіп не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірісті (дивидендтерді), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркілеуге әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірісті (дивидендтерді), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркілеуге әкеп соғады.

357-2-бап. Лицензиялау ережелері мен нормаларын бұзу

1. Заңнамада белгіленген лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзу, соның ішінде лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, -

белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзушылықты жоймау, -

белгілі бір қызмет түріне берілген лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

357-3-бап. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия, арнайы

рұқсат, біліктілік аттестатын (куәлігін) беру

тәртібі мен мерзімін бұзу

1. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат, біліктілік аттестатын (куәлігін) беру мерзімін бұзу, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Лицензияны, арнайы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлігін) заңнамада белгіленген тәртіпті бұза отырып беру, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

357-4-бап. Заңды тұлғаларды, филиалдарды, өкілдіктердi

мемлекеттік тіркеу туралы заңнаманы бұзу

1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті қайта тіркемей, қызметті жүзеге асыру, -

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тіркеуші органға заңды тұлғаның тұратын жерінің өзгергені туралы уақытында хабарламау, -

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

239) 358-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

240) 360-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

241) 361-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

242) 362-баптың 2), 10) тармақшаларында «азаматтар», «азаматтардың» деген сөздер «жеке тұлғалар», «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

243) 363-баптың бірінші абзацындағы «азаматтардың» деген сөздер «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

244) 364-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

245) 366-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

246) 368-бапта:

тақырыбында және бірінші бөліктің бірінші абзацында «азаматтардың», «Азаматтардың» деген сөздер тиісінше «жеке тұлғалардың», «Жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

247) 369-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

248) 370-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -";

249) 371-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

250) 372-баптың бірінші абзацында «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

251) 373-баптың бірінші бөлігінде «заңдарды» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

252) 374-бапта:

үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың үшінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды жоймау, -";

253) 375-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында және екінші бөлігінің бірінші және екінші абзацтарында «азаматтарды», «азаматтардың», «азаматтарға» деген сөздер «жеке тұлғаларды», «жеке тұлғалардың», «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

254) 378-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

255) 380-бапта:

бірінші абзацта», соның ішінде шетелдік төлқұжат,»деген сөздер алып тасталсын;

екінші абзацта «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

256) 381-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«381-бап. Мемлекеттік статистикалық есептілік және бақылау

деректерін табыс етуден бас тарту, табыс етпеу,

уақтылы табыс етпеу, көрінеу дұрыс емес деректер

табыс ету

1. Бухгалтерлік баланстарды және есептілікті қоса алғанда, белгіленген мемлекеттік статистикалық есептілік және бақылау деректерін тиісті статистикалық органдарға табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, сол сияқты қасақана дұрыс емес есептілік табыс ету, -

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

257) мынадай мазмұндағы 381-1-баппен толықтырылсын:

«381-1-бап. Құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерін

табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, уақтылы табыс

етпеу, жасыру, қосып жазу және басқа да

бұрмалаушылықтар

Құқықтық статистика мен арнайы есептер саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерін табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, оларды белгіленген мерзімді бұзып табыс ету, жасыру, қосып жазу, құқықтық статистика мен арнайы есептеу деректерін басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есептер мәліметтерін алуға қандай да бір нысанда болсын кедергі жасау, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

258) 387-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

259) 389-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

260) 390-баптың бірінші және екінші бөліктерінің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

261) 391-1-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөліктің екінші абзацында «он тәулікке дейін» деген сөздердің алдынан «айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

262) 394-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы «он бес тәулікке дейінгі» деген сөздердің алдынан «айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

263) 395-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

264) 396-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацта «уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз немесе оны алдау жолымен алып өз бетімен келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды (жасырын иммигранттарды)»деген сөздер «заңсыз келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

265) 399-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

266) 400-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

267) 401-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

268) 402-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

269) 403-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

270) 404-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

271) 410-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

272) 414-баптың бірінші абзацында «тауарлар мен көлік құралдарына кеден декларациясын, сол сияқты» деген сөздер алып тасталсын;

273) 416-бап алып тасталсын;

274) 417-бапта:

бірінші абзацта:

«Заңдармен және нормативтік құқықтық актілермен» деген сөздер «Заңнамада» деген сөзбен ауыстырылсын;

«, 416» деген цифрлар алып тасталсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

275) 418-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнімдерін басқа тауарлармен ауыстырудың белгіленген тәртібін бұзу, -

айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не тауарларды қайта өңдеуге берілген лицензияның, арнайы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.»;

276) 419 және 420-баптар алып тасталсын;

277) 421-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«тікелей құқық бұзушылық объектілері болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«тікелей құқық бұзушылық объектілері болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

278) 424-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«тікелей құқық бұзушылық объектілері болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

279) 426-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жүз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

тікелей құқық бұзушылық объектілері болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының екі жүз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

280) 429-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

281) 430-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

282) 431-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

283) 434-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«434-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу

мерзімдерін бұзу

Кедендік төлемдерді және салықтарды белгіленген мерзімдер ішінде төлемеу, -

лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес айыппұл салуға әкеп соғады.»;

284) 436 және 437-баптар алып тасталсын;

285) 439-бапта:

бірінші және екінші бөліктердің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

«6. Темір жолдарды техникалық пайдалану ережелерінің талаптарын бұзу, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

286) 440-бапта:

бірінші бөліктің бірінші абзацында және екінші бөлігінің бірінші абзацында «өз бетінше» деген сөздер «заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

287) 442-бапта:

бірінші және екінші бөліктердің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

288) 443-баптың бірінші және екінші бөліктерінің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

289) 447-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында «жиырмадан» деген сөз «оннан» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

290) 447-1-баптың бірінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

291) 447-4-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«447-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль

тасымалын шет мемлекетте тіркелген автокөлік

құралдарымен жүзеге асыру»;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

292) 449-баптың екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

293) 450-бапта:

екінші абзацта «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

ескертуде «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

294) 455-бапта:

бірінші және екінші бөліктердің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің бірінші абзацында «өз бетінше» деген сөздер «заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

295) 457-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

296) 458-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

297) 460-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«460-бап. Көлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу

1. Көлікте белгіленген өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

298) 463-бапта:

бірінші бөліктің бірінші абзацы «тасымалдау,»деген сөзден кейін «қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралдарымен жүру кезінде қауіпсіздік белдіктерін, мотоциклдерді жүргізу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезінде мотошлемдерді пайдалану,»деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге деЙінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

299) 465-баптың екінші абзацында «үш айдан» деген сөздер «алты айдан» деген сөздермен ауыстырылсын;

300) 467-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацында:

«жеңіл» деген сөз алып тасталсын;

«денсаулығына» деген сөзден кейін «қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ» деген сөздермен толықтырылсын;

301) 467-1-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

302) 468-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацта «елеусіз» деген сөз алып тасталсын;

екінші абзацта «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөліктің бірінші абзацында:

«денсаулығына» деген сөзден кейін «қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ» деген сөздермен толықтырылсын;

«жеңіл» деген сөз алып тасталсын;

үшінші бөліктің бірінші абзацында», сол сияқты жол жүрісі және көлік құралдарын пайдалану ережелерін елеулі материалдық залал шектіріп бұзу» деген сөздер алып тасталсын;

ескерту алып тасталсын;

303) 472-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

304) 473-бапта:

екінші бөліктің бірінші абзацында:

«жеңіл» деген сөз алып тасталсын;

«денсаулығына» деген сөзден кейін «қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«3. Жаяу жүргіншілердің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерінің талаптарын үнемі бұзуы, -

айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

305) 474-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

306) 475-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

307) 477-баптың екінші және үшінші бөліктерінің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

308) мынадай мазмұндағы 480-1-баппен толықтырылсын:

«480-1-бап. Темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын

(билеттерді) сату, олардың қолданылу мерзімін

ұзарту және билет кассаларының жұмысын

ұйымдастыру ережелерін бұзу

Темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату, олардың қолданылу мерзімін ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру ережелерін бұзу, -

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

309) 483-баптың екінші абзацындағы «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

310) 484-бапта:

тақырыпта «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

мәтінде «бірнеше», «азаматтарды» деген сөздер тиісінше «екі және одан да көп», «жеке тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

311) 485-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

312) 486-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жолдардың, темір жол өткелдерінің, жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдардың және басқа жол құрылыстарының жай-күйіне жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жолдардың, темір жол өткелдерінің, жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдардың және басқа жол құрылыстарының жай-күйіне жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

313) 487-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жерасты коммуникацияларының күтіп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жерасты коммуникацияларының күтіп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

314) 488-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

315) 489-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

316) 490-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«490-бап. Магистральдық құбырларды қорғау ережелерін бұзу

Магистральдық құбырларды қорғау ережелерін бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

317) 491-бап алып тасталсын;

318) 492-бапта:

тақырыпта және бірінші бөліктің бірінші абзацында «өз бетінше» деген сөздер «заңсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) тәркілей отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

ескертуде «қосылатын құрылғылары» деген сөздерден кейін», кәбілдік теледидар құрал-жабдығы, телефон арнасының ұзартқыштары,»деген сөздермен толықтырылсын;

319) 493-бап алып тасталсын;

320) 494-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«494-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиіліктi

құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ

радиожиіліктерді пайдалану ережелерін бұзу және

арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды

немесе жоғары жиілікті құрылғыларды шет елдерден

әкелу

1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ радиожиіліктерді пайдалану ережелерін бұзу және арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиілікті құрылғыларды шет елдерден әкелу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

радиоэлектрондық құралдар немесе жоғары жиілікті құрылғылар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертулер.

1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құралдар деп бір не бірнеше радиотаратушы не радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және радиотолқындарды таратуға және қабылдауға арналған көмекші жабдықтан тұратын техникалық құралдар түсініледі.

2. Осы Кодексте жоғары жиілікті құрылғылар деп, электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиілік энергиясын өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда жинақтап таратуға және жергілікті пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсініледі.»;

321) 495-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

322) 496-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«496-бап. Сертификатталмаған байланыс құралдарын пайдалану

және сертификатталмаған байланыс қызметін көрсету

1. Байланыс желілерінде сертификатталмаған байланыс құралдарын пайдалану не сертификатталмаған байланыс қызметін көрсету, егер мұндай қызметтер сертификаттауға жататын болса, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

сертификатталмаған байланыс құралдарын тәркілей отырып немесе онсыз, ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

323) 497-бап алып тасталсын;

324) 497-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«497-1-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану

жөніндегі талаптарды бұзу

Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

325) 497-2-бапта:

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

326) 497-3-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

327) 498-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

ескерту жасауға немесе техникалық құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

328) 499-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«499-бап. Байланыс құрылыстарын заңсыз салу

Байланыс құрылыстарын арнайы рұқсат алмай салу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

329) 501-бап мынадай редакцияда жазылсын:

501-бап. Пошта төлемінің қолдан жасалған мемлекеттік

белгілерін жасау немесе өткізу

Пошта төлемінің қолдан жасалған мемлекеттік белгілерін өткізу мақсатында жасау немесе өткізу, -

пошта төлемінің қолдан жасалған мемлекеттік белгілері, сондай-ақ оларды жасау құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

330) 522-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

331) 524-баптың екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

332) 525-бапта «азаматтардың», «азаматтарға» деген сөздер тиісінше «жеке тұлғалардың», «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

333) 528-бапта «Азаматтардың», «азаматтарға» деген сөздер тиісінше «Жеке тұлғалардың», «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

334) 529-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

335) 530-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

336) 537-бапта «құқықтық статистика және ақпарат органдарына,»деген сөздер алып тасталсын;

337) 538-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«538-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға

уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді:

1) мамандандырылған әкімшілік соттардың судьялары;

2) осы Кодексте уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қарайды.

Ескерту. Мамандандырылған әкімшілік соттардың ведомстволық қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот құрылмаса, аудандық (қалалық) соттардың судьялары қарауға құқылы.»;

338) 539-бапта:

бірінші бөлікте «мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар» деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстің 541-бабында көрсетілген істерді қоспағанда, істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданады.»;

339) 540-бап алып тасталсын;

340) 541-баптың бірінші бөлігінде:

«79-2,»деген цифрлар алып тасталсын;

«124» деген цифрлар «124 (бірінші бөлігінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

«135-138, 139 (екінші бөлігінде), 140 (екінші бөлігінде), 142» деген сөздер «136, 140 (екінші бөлігінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

«148-157» деген цифрлар «147-1, 151, 153-157» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«161 (екінші және үшінші бөліктерінде)»деген сөздер «161 (төртінші және бесінші бөліктерінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

«168-1» деген цифрлар «168-1 (бірінші және екінші бөліктерінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

«237,»деген цифрлардан кейін «246 (екінші бөлігінде),»деген сөздермен толықтырылсын;

«306 (екінші бөлігінде),»деген сөздерден кейін «306-1 (үшінші бөлігінде),»деген сөздермен толықтырылсын;

«318-322,»деген цифрлардан кейін «323 (екінші бөлігінде),»деген сөздермен толықтырылсын;

«329 (екінші бөлігінде),»деген сөздер алып тасталсын;

«342-357,»деген цифрлар «342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екінші бөлігінде), 357-3, 357-4,»деген сөздермен ауыстырылсын;

«372-376,»деген цифрлардан кейін «381-1,»деген цифрлармен толықтырылсын;

«413-419,»деген цифрлар «413-415, 417, 418,»деген цифрлармен ауыстырылсын;

«436 (екінші бөлігінде), 437,», «447 (екінші, үшінші бөліктерінде), 447-1, 447-2, 447-3, 447-4,», «467-1,», «491 (екінші бөлігінде),», «493 (екінші бөлігінде),»деген сөздер алып тасталсын;

«461 (үшінші және 6-1-бөліктерінде), 462 (үшінші бөлігінде), 463 (екінші және үшінші бөліктерінде)»деген сөздер «461 (үшінші бөлігінде), 462 (екінші және үшінші бөліктерінде), 463 (1-1-бөлігінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

«494 (екінші, үшінші бөліктерінде)»деген сөздер «494 (екінші бөлігінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

341) 542-бап алып тасталсын;

342) 543-бапта:

бірінші бөлікте:

«131-134, 139 (бірінші бөлігінде)»деген сөздер «131» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«160» деген цифрлар «160 (бірінші және екінші бөліктерінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

«337,»деген цифрлар алып тасталсын;

«341,»деген цифрлардан кейін «357-2 (бірінші бөлігінде),»деген сөздермен толықтырылсын;

«377-380» деген цифрлар «377, 378, 379 (бірінші бөлігінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

2) тармақшада:

«132,»деген цифрлар алып тасталсын;

«160» деген цифрлар «160 (бірінші және екінші бөліктерінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақшада «130-132» деген цифрлар «131» деген цифрлармен ауыстырылсын;

7) тармақшада «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

343) 544-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«544-бап. Өртке қарсы күрес қызметі органдары

1. Өртке қарсы күрес қызметі органдары осы Кодекстің 249, 277, 284, 312, 313, 334, 460-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Өртке қарсы күрес қызметі органдары атынан істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:

өртке қарсы қызметтің қалалық, аудандық аумақтық органының басшысы жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) өртке қарсы қызметтің аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі, заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі, лауазымды адамдарға - төрт жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.»;

344) 547-бапта:

тақырыпта және бірінші бөлікте «Әуе кеңістігін пайдалану саласындағы» деген сөздер «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте «Әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі» деген сөздер «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

345) 548-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«548-бап. Көлік бақылау органдары

1. Көлік бақылау органдары осы Кодекстің 246, 247, 357-2 (бірінші бөлігінде), 439, 440, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 454 (төртінші, бесінші бөліктерінде), 455, 456, 457, 458, 459, 460 (әуе, теңіз көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1 бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу болып табылатын кезде, екінші және үшінші бөліктерінде), 467-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479-481 (әуе, теңіз көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бірінші бөлігінде), 490-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Көлік бақылау органдары атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:

осы Кодекстің көлік бақылау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - көлік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көлік бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;

357-2 (бірінші бөлігінде), 440, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 454 (төртінші бөлігінде), 455, 456, 461 (6-1 бөлігінде), 463 (екінші бөлігінде), 467-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479, 480, 486 (бірінші бөлігінде), 490-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - көлік бақылау органдарының осыған уәкілетті лауазымды адамдары құқылы.

3. Осы баптың екінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айып мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.»;

346) 549-баптың бірінші бөлігінде:

«139 (бірінші бөлігінде),»деген сөздер алып тасталсын;

«құқық бұзушылық бөлігінде),»деген сөздерден кейін «357-2 (бірінші бөлігінде),»деген сөздермен толықтырылсын;

«454 (төртінші және бесінші бөліктерінде),»деген сөздер алып тасталсын;

«479-481, 488-490, 491 (бірінші бөлігінде), 492 (бірінші бөлігінде), 493 (бірінші бөлігінде), 494 (бірінші бөлігінде), 495, 496 (бірінші бөлігінде), 497, 498 (бірінші бөлігінде), 497-1, 497-2, 497-3, 499, 500» деген сөздер «481 (теңіз және әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтар бөлігінде), 488-489» деген сөздермен ауыстырылсын;

347) мынадай мазмұндағы 549-1-баппен толықтырылсын:

«549-1-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы

уәкілетті орган

1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 357-2 (бірінші бөлігінде), 492 (бірінші бөлігінде), 494 (бірінші бөлігінде), 495, 496 (бірінші бөлігінде), 497-1, 497-2, 497-3-баптарында, 498-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:

1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;

2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.»;

348) 550-бапта:

бірінші бөлікте «89-94,»деген цифрлардан кейін «175 (екінші бөлігінде, жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты),»деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлігінің екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

349) мынадай мазмұндағы 551-1-баппен толықтырылсын:

«555-1-бап. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін

мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу,

Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен

құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік

орган

1. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 379 (екінші және үшінші бөліктерінде), 380, 357-2 (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық (облыстық, Астана, Алматы қалалары) әділет органдарының бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;

350) 553 және 554-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«553-бап. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган

1. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 89, 220, 221, 270, 271, 272 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 504-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның атынан істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:

1) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

2) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

3) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы, басқарма, бөлім бастықтары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

3. Азаматтық қорғаныс саласында нормативтік құқықтық актілерді орындамаумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:

1) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

2) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы, оның орынбасарлары жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 122, 123 (екінші бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде, шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 220 (бірінші бөлігінде), 240-246 (бірінші бөлігінде), 247-250, 261, 264, 265, 270-272, 275 (екінші бөлігінде), 276, 291, 294, 296, 301, 302 (бірінші бөлігінде), 303 (бірінші бөлігінде), 304 (бірінші бөлігінде), 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 306-1 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік аға инспекторлар және аумақтық мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі, заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға - елуге дейінгі, заңды тұлғаларға екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік аға инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі, лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі, лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзып жүргізілген сомада не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасында процентпен көрсетілген айыппұл салуға;

Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы мен оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға - жүз елуге дейінгі, заңды тұлғаларға бір мыңға дейінгі мөлшерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып жүргізілген сомада не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасында процентпен көрсетілген айыппұл салуға құқылы.»;

351) 554-1-бапта:

тақырыпта және баптың мәтінінде «пайдалану және қорғау» деген сөздер «зерделеу және пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші бөлікте «122, 123, 259-275» деген цифрлар «123 (бірінші бөлігінде), 259-274, 275 (бірінші бөлігінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

352) 555-баптың бірінші бөлігінде:

«139 (бірінші бөлігінде), 140 (бірінші бөлігінде), 141, 187 (екінші бөлігінде)»деген сөздер «140 (бірінші бөлігінде), 141, 187 (бірінші бөлігінде), 357-2 (екінші бөлігінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

«420», «436 (бірінші бөлігінде),»деген сөздер алып тасталсын;

353) 556-бапта:

бірінші бөлікте «463» деген цифрлар «463 (1-1-бөлігін қоспағанда)»деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы Кодекстің 461 (бірінші бөлігінде), 462 (бірінші бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде), 473 (бірінші бөлігінде), 476-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары: бастық немесе бастықтың орынбасары, әскери біліктілік комиссиясының төрағасы, аға инспектор және белгіленген тәртіппен әскери автомобиль полициясының штаттағы және штаттан тыс инспекторлары болып тағайындалған басқа да әскери қызметкерлер ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;

үшінші бөлікте «ғана» деген сөз алып тасталсын;

354) 557-бапта:

бірінші бөлікте:

«139 (бірінші бөлігінде), 140 (бірінші бөлігінде), 161 (бірінші бөлігінде)»деген сөздер «140 (бірінші бөлігінде), 161 (бірінші бөлігінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

«323, 329 (бірінші бөлігінде), 333» деген сөздер «323 (бірінші бөлігінде), 333, 357-2 (бірінші бөлігінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте «темір жол және әуе көлігі объектілеріндегі және басқа да объектілердегі» деген сөздер «көліктегі» деген сөзбен ауыстырылсын;

355) 559-бапта:

тақырыпта және мәтінде «Мал дәрігерлік қадағалау», «мал дәрігерлік», «мал дәрігерлік саласындағы», «мал дәрігерлері» деген сөздер тиісінше «Ветеринария», «ветеринариялық», «ветеринария саласындағы», «ветеринариялық дәрігерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші және үшінші абзацтарында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің бірінші абзацында «Мемлекеттік мал дәрігерлік қадағалау» деген сөздер «Ветеринарияны мемлекеттік басқару» деген сөздермен ауыстырылсын;

356) 560-баптың бірінші бөлігінде «139 (бірінші бөлігінде), 307, 309-баптарында» деген сөздер «307-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;

357) 560-1-баптың бірінші бөлігінде «139 (бірінші бөлігінде), 309-1, 309-2 (бірінші - үшінші бөліктерінде)»деген сөздер «309-1, 309-2 (бірінші - үшінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

358) 560-2-бапта:

бірінші бөлігінде «139 (бірінші бөлігінде), 220, 294, 309» деген сөздер «220, 294, 309-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші, үшінші, төртінші абзацтарында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

359) 561-бапта:

тақырыпта «Су ресурстары жөніндегі» деген сөздер «Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші бөлікте:

«Су ресурстары жөніндегі» деген сөздер «Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«121,»деген цифрлардан кейін «124 (екінші бөлігінде),»деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлікте:

екінші абзацта «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші абзацта:

«су ресурстары жөніндегі» деген сөздер «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші абзацта «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

360) 562-бапта:

бірінші бөлік «299,»деген цифрлардан кейін «300,»деген цифрлармен толықтырылсын;

екінші бөлікте:

1) тармақша «299,»деген цифрлардан кейін «300,»деген цифрлармен толықтырылсын;

3) тармақшада «294 (екінші бөлігінде),»деген сөздерден кейін «296-1,»деген цифрлармен толықтырылсын;

361) 563-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«563-бап. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды

жүзеге асыратын органдар

1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстің 118, 120, 121, 250-258, 357-2 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:

Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырыққа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға; жерді пайдалану және қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлардың ұсынуы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша барлық хаттамалар мен қаулыларды бекітуге;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.»;

362) 566-бапта:

тақырыпта «Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік қадағалауды» деген сөздер «Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші бөлікте:

«Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік қадағалауды» деген сөздер «Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;

«139 (бірінші бөлігінде),»деген сөздер алып тасталсын;

«329 (бірінші бөлігінде)»деген сөздер «357-2 (бірінші бөлігінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте «облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары» деген сөздер «облыстардың және қалалардың стандарттар мен өлшем құралдарын бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары» деген сөздермен ауыстырылсын;

363) 568-баптың бірінші бөлігінде:

«139 (бірінші бөлігінде),»деген сөздер алып тасталсын;

«291,»деген цифрлардан кейін «357-2 (бірінші бөлігінде),»деген сөздермен толықтырылсын;

364) 570-баптың бірінші бөлігінде «139 (бірінші бөлігінде), 146, 166, 205-212, 215-219,»деген сөздер «205-1, 206, 207, 208-1, 209-212, 215-219, 357-2 (бірінші бөлігінде),»деген сөздермен ауыстырылсын;

365) 570-1-баптың бірінші бөлігінде:

«146,», «166,»деген цифрлар, «205 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде),»деген сөздер алып тасталсын;

«161» деген цифрлардан кейін»(бірінші бөлігінде)»деген сөздер»(бірінші және екінші бөліктерінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

366) 571-бапта:

бірінші бөлікте:

«139 (бірінші бөлігінде),»деген сөздер алып тасталсын;

«204,»деген цифрлардан кейін «357-2 (бірінші бөлігінде),»деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөліктің 2) тармақшасында:

«139 (бірінші бөлігінде),»деген сөздер алып тасталсын;

«204» деген цифрлардан кейін», 357-2 (бірінші бөлігінде)»деген сөздермен толықтырылсын;

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы мен оның орынбасарлары, министрліктің аумақтық органдарының басшылары» деген сөздер «мемлекеттік қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын;

367) 572-баптың бірінші бөлігінде:

«139 (бірінші бөлігінде),»деген сөздер «166-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«168-2 (екінші, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктер - валюталық бақылау мәселелері бойынша, оныншы және он бірінші бөліктер),»деген сөздер «168-2 (екінші, 4-1, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктер - валюталық бақылау мәселелері бойынша, оныншы және он бірінші бөліктер),»деген сөздермен ауыстырылсын;

«187» деген цифрлардан кейін»(екінші бөлігінде)»деген сөздермен толықтырылсын;

«218 (валюталық бақылау мәселелері бойынша)»деген сөздерден кейін», 357-2 (бірінші бөлігінде)»деген сөздермен толықтырылсын;

368) 573-баптың бірінші бөлігінде:

«170, 171, 172, 172-1, 173, 174» деген цифрлар «170-174» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«201,»деген цифрлардан кейін «201-1,»деген цифрлармен толықтырылсын;

«218» деген цифрлардан кейін», 357-2 (бірінші бөлігінде)»деген сөздермен толықтырылсын;

369) 575-баптың екінші бөлігінің екінші, үшінші, төртінші абзацтарында «азаматтарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

370) 576-баптың бірінші бөлігінде «139 (бірінші бөлігінде),»деген сөздер «357-2 (бірінші бөлігінде),»деген сөздермен, 576-1-баптың бірінші бөлігінде «139-бапта (бірінші бөлігінде)»деген сөздер «357-2-бапта (бірінші бөлігінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;

371) 604-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Бұл деректер: әкімшілік жауапқа тартылатын тұлғаның түсініктемелерімен; жәбірленушінің, куәнің айғақтарымен; сарапшының қорытындыларымен; заттай дәлелдемелермен; сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және құқық бұзушылықты байқау мен тіркеудің метрологиялық тексеруден өткен аспаптарының көрсеткіштерімен; өзге де құжаттармен; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен және осы Кодексте көзделген хаттамалармен анықталады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды дәлелдемелер ретінде қарау кезінде сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және құқық бұзушылықты байқау мен тіркеудің метрологиялық тексеруден өткен аспаптарының, көлік құралдарының түрін, жүру уақытын, жылдамдығы мен бағытын тіркейтін фото-, бейне аппаратуралардың деректері пайдаланылуы мүмкін.»;

372) 615-баптың бірінші бөлігінде «азаматтар» деген сөз «жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;

373) 618-бапта екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) заңды тұлғаға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу немесе алып қою.»;

374) 619-баптың бірінші бөлігі:

4) тармақшада «азамат» деген сөз «жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:

«5-2) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде құқық бұзушылықтар жасалғанда - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметкерлері;";

375) 620-баптың 11) тармақшасындағы «жүзеге асыра алады.»деген сөздер»;»белгісімен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) егер құқық бұзушылық күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде жасалса - Президенттің Күзет қызметінің лауазымды адамдары жүзеге асыра алады.»;

376) 621-баптың бірінші бөлігінде:

«, онда» деген сөз». Хаттамада оның» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Ұстау туралы хаттаманың көшірмесі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған адамға тапсырылады.»;

377) 627-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«627-2-бап. Тексеру жүргізудің жалпы ережелерi

1. Тексеру, әдетте, қажеттілік туындаған жағдайда дереу жүргізіледі. Тексеру жүргізілгені туралы хаттама толтырылады. Хаттамада оның жасалған күні мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі, аты-жөні, тексерілген адам, заттардың түрі, саны, өзге де ұқсас белгілері туралы, соның ішінде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгісі, калибрі, сериясы, нөмірі, белгілері, оқ-дәрілердің, арнайы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрі туралы мәліметтер көрсетіледі.

Тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тексерілген адам, тексерілген заттардың иесі, куәгерлер қол қояды. Тексеруге жатқызылған адам, тексерілген заттар иесі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиісті жазба жасалады.

2. Тірі адамдарды тексеруді осы Кодекстің 620-бабында аталған лауазымды адамдар жүргізеді. Тірі адамдарды тексеруді тексерілушімен жынысы бірдей адам және жынысы осындай екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.

Тірі адамның заттарын тексеруді, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексеруді осы Кодекстің 620-бабында аталған, оған уәкілетті лауазымды адамдар осы заттарды меншіктенуші немесе иеленуші адамның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.

Тірі адамда айналадағылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін қару немесе өзге заттар бар деуге негіз болған ерекше жағдайларда оның жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланып, куәгерлерсіз жүргізілуі мүмкін.

3. Осы баптың 2-бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, орындарды, заттарды, құжаттарды тексеру, куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі. Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиісті байланыс құралдары болмаған кезде немесе басқа объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмағанда) тексеру куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізіледі.

4. Қажет болған жағдайда тексеру құқық бұзушының, жәбірленушінің, куәлердің, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргізіледі.

5. Табылған іздер мен өзге де материалдық объектілерді тексеру әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер тексеру үшін қосымша уақыт қажет болса немесе табылған затты сол жерде тексеруге елеулі қиындықтар туындайтын болса, объектілер алып қойылуы және буып-түйілген, мөр басылған күйінде, зақым келтірілмей, тексеруге қолайлы жерге жеткізілуі мүмкін.

6. Тексеру кезінде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, басқа да тексеруге қатысушыларға көрсетілуге тиіс, ол жөнінде хаттамаға белгі қойылады.

7. Іске қатысы бар объектілер ғана алып қойылуға тиіс. Алып қойылған объектілер буып-түйіліп, мөр басылады және уәкілетті лауазымды адам мен куәгерлердің қол қоюы арқылы расталады.

8. Тексеруге қатысушы адамдар олардың пікірінше істің мән-жайын анықтауға септігін тигізуі мүмкін дегеннің бәріне уәкілетті лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.

9. Қажет болған жағдайларда тексеру кезінде тексерілетін объектілер өлшенеді, олардың жоспарлары мен сызбалары жасалады, сондай-ақ суретке түсіріледі және өзге де құралдармен түсіріліп алынады, ол туралы хаттамаға белгі жасалып, оған аталған материалдар қоса тіркеледі.

10. Тексеру хаттамасының көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға не оның заңды өкіліне тапсырылады.»;

378) 629-бапта:

екінші бөліктің бірінші абзацы «мас күйін» деген сөздерден кейін «медициналық емес» деген сөздермен толықтырылсын;

төртінші бөлікте «сондай-ақ мас күйін куәландыруға жіберу туралы әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасында» деген сөздер «мас күйін куәландыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға» деген сөздермен ауыстырылсын;

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткізу үшін көлік жүргізуден шеттетілген күні, уақыты, орны, негіздері көрсетіледі. Хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға не оның заңды өкіліне тапсырылады.»;

алтыншы бөлік алып тасталсын;

379) 635-бапта:

екінші бөлік», сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар қоса беріледі» деген сөздермен толықтырылсын;

төртінші бөлік «және» деген сөзден кейін «осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

«4-1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, тиісті түрде хабарланған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жоқ болған немесе келмеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жоқтығы немесе келмеуі туралы белгі қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.»;

алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Осы бөлікте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейін, оның көшірмесі қолхат алынып, өздеріне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге дереу тапсырылады.

Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама өзіне қатысты іс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі.»;

380) 636-бапта:

бірінші бөлікте:

1) тармақшада:

бірінші абзацта:

«1)»деген цифрдан кейін «мыналардың:»деген сөзбен толықтырылып, «ішкі» деп басталатын сөйлем абзацтан жазылсын;

«79-2,», «135,»деген цифрлар алып тасталсын;

«462 (үшінші бөлігі)»деген сөздер «462 (екінші және үшінші бөліктері), 463 (1-1 бөлігі)»деген сөздермен ауыстырылсын;

«468 (екінші бөлігі)»деген сөздер «468 (бірінші және екінші бөліктері)»деген сөздермен ауыстырылсын;

«521,»деген цифрлардан кейін «524,»деген цифрлармен толықтырылсын;

төртінші абзацта «462 (үшінші бөлігі)»деген сөздер «462 (екінші, үшінші бөліктері)»деген сөздермен ауыстырылсын;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органның (124 (бірінші бөлігі), 278 (бірінші бөлігі), 356-баптар);";

мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«ветеринария саласындағы уәкілетті органның (137, 310-баптар);";

жетінші абзацта «бақылау органдарының» деген сөздерден кейін «246 (екінші бөлігі),»деген сөздермен толықтырылсын;

сегізінші абзацта «пайдалану және қорғау» деген сөздер «зерделеу және пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

тоғызыншы абзацта», 329 (екінші бөлігі)»деген сөздер алып тасталсын;

он жетінші абзацта:

«161 (үшінші бөлігі)»деген сөздер «161 (төртінші және бесінші бөліктері)»деген сөздермен ауыстырылсын;

«329 (екінші бөлігі),»деген сөздер алып тасталсын;

«494 (екінші, үшінші бөліктері)»деген сөздер «494 (екінші бөлігі)»деген сөздермен ауыстырылсын;

он сегізінші және он тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның (356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 492 (екінші бөлігі), 494 (екінші бөлігі), 496 (екінші бөлігі), 498 (екінші бөлігі) - баптар);

көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның (356, 357-1, 442, 445-баптар);";

жиырмасыншы абзацта»(329 (екінші бөлігі), 329-1 (екінші бөлігі), 356, 453 (екінші бөлігі), 454 (бірінші-үшінші бөліктері), 477 (үшінші бөлігі)»деген сөздер «356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 453 (екінші бөлігі), 454 (бірінші-үшінші бөліктері), 467-1» деген сөздермен ауыстырылсын;

жиырма үшінші абзацта «138,»деген цифрлар алып тасталсын;

жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«қаржы полициясы органдарының (140 (екінші бөлігі), 143, 151, 153-157, 159 (екінші бөлігі), 161 (төртінші және бесінші бөліктері), 162, 163, 176 (бірінші бөлігі), 179, 195, 200, 203, 211, 213, 214, 217, 355, 357-1, 357-2 (бірінші бөлігі), 357-3, 514-519, 521, 522, 529, 532-535-баптар);";

жиырма алтыншы абзацта:

«137, 138,»деген цифрлар алып тасталсын;

«214,»деген цифрлардан кейін «357-1,»деген цифрлармен толықтырылсын;

жиырма жетінші абзацта:

«413-419,»деген цифрлар «413-415, 417, 418,»деген цифрлармен ауыстырылсын;

«436 (екінші бөлігі), 437» деген сөздер алып тасталсын;

жиырма сегізінші абзацта:

«137, 148,»деген цифрлар алып тасталсын;

«356,»деген цифрлардан кейін «357-1, 357-4,»деген цифрлармен толықтырылсын;

жиырма тоғызыншы абзацта:

«137, 138, 139 (екінші бөлігі), 140 (екінші бөлігі), 149, 150, 152» деген сөздер «140 (екінші бөлігі)»деген сөздермен ауыстырылсын;

«348 (үшінші бөлігі)»деген сөздер алып тасталсын;

«356,»деген цифрлардан кейін «356-1, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3» деген сөздермен толықтырылсын;

«436 (екінші бөлігі), 437,»деген сөздер алып тасталсын;

отызыншы абзацта:

«149, 150,»деген цифрлар алып тасталсын;

«356» деген цифрлардан кейін», 357-3» деген цифрлармен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы отыз бірінші абзацпен толықтырылсын:

«мемлекеттік монополия саласындағы уәкілетті органның (147-1-бабы);";

отыз бірінші абзацта:

«149, 150,»деген цифрлар алып тасталсын;

«356» деген цифрлардан кейін», 357-3» деген цифрлармен толықтырылсын;

отыз екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен оның аумақтық органдарының (161 (төртінші бөлігі), 356, 496 (екінші бөлігі), 501-баптар);";

мынадай мазмұндағы отыз төртінші абзацпен толықтырылсын:

«заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (356, 357-1, 357-4, 376-баптар);";

отыз сегізінші абзацта «Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметінің,»және «соған уәкілетті лауазымды адамдары» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы отыз тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

«күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің (135-1, 136, 160, 220, 312, 323, 330, 331, 332, 333, 336, 355, 368, 369, 370, 371, 373, 388, 460, 463, 465, 472, 473, 529-баптар);";

мынадай мазмұндағы қырық бірінші абзацпен толықтырылсын:

«жергілікті атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (130, 230, 231 (бірінші бөлігі), 234, 235 (бірінші бөлігі), 236, 238, 239, 342, 343, 357-2 (бірінші бөлігі), 346-352-баптар) соған уәкілетті лауазымды адамдары;";

3) тармақшада:

«137, 138,»деген цифрлар алып тасталсын;

«188» деген цифрлардан кейін», 357-1» деген цифрлармен толықтырылсын;

екінші бөліктің төртінші абзацы алып тасталсын;

381) 637-баптың бірінші бөлігінде «150, 151, 152, 342-352, 353, 366, 375» деген цифрлар «151, 342-344, 346-352, 353, 356-1, 357-3, 366, 375, 381-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;

382) 638-бапта:

бірінші бөлікте:

«анықталғаннан» деген сөз «ашылғаннан» деген сөзбен ауыстырылсын;

«пайдалану саласындағы» деген сөздерден кейін», сондай-ақ техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлікте «құқық бұзушылық анықталған кезден бастап үш тәулік ішінде» деген сөздер «үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 182, 187 және 188-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам ашылған кезден бастап он тәулік ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

«5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар бойынша дәлелдеме ретінде құқық бұзу фактісін және құқық бұзушының жеке басын дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін сертификатталған, арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және метрологиялық тексеруден өткен құқық бұзушылықты бақылау мен тіркеу аспаптарының, фото-, бейне аппаратураның деректері пайдаланылған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушы болмағанда да жасалуы мүмкін.»;

383) 639-бапта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда, егер айыппұл бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Ескерту түріндегі жазаны соған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде ресімдейді. Айыппұл түрінде жаза қолданылған жағдайда қатаң қаржылық есептілік құжаты болып табылатын, белгіленген үлгідегі түбіртек беруді соған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам ескертудің немесе төлем құжатының екінші данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзінің келісетінін растайды.»;

екінші бөлікте «Азаматтар» деген сөз «Жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;

384) 642-баптың екінші бөлігі «247,»деген цифрлардан кейін «447, 447-1, 447-3,»деген цифрлармен толықтырылсын;

385) 651-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілі;";

386) 678-баптың үшінші бөлігінде «Азамат» деген сөз «Жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;

387) 697-баптың бірінші бөлігінде «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

388) 709-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сот айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулыны заңды тұлғаның банк шотынан оның келісімінсіз, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақша алу үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жібереді.»;

389) мынадай мазмұндағы 709-1-баппен толықтырылсын:

«709-1-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату

тәртібi

1. Әкімшілік жаза қолданған орган (лауазымды адам) айыппұл салу туралы қаулыны осы Кодекстің 703-бабында белгіленген мерзімнен кешіктірмей сотқа жіберуі мүмкін.

2. Белгіленген мерзім өткізіліп сотқа жіберілген, айыппұл салу туралы қаулыны сот қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады.

3. Айыппұл салу туралы қаулыны сотқа өтініш түскен күннен бастап он бес күн ішінде судья жеке-дара қарайды.

4. Сот айыппұл салу туралы түскен қаулы туралы құқық бұзушылық жасаған адамға хабарлайды.

5. Сот айыппұл салу туралы қаулыны қарау кезінде органның (лауазымды адамның) айыппұл салу туралы шешімін мәні бойынша қайта қарауға құқылы емес.

6. Айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қосымша шығыстар шешімді өз еркімен орындамаған адамға жүктеледі.»;

390) 717-баптың үшінші бөлігінде «байланыс және ақпараттандыру» деген сөздер «ақпараттандыру және байланыс» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы қаңтардың 20-сы.

№ 123-III ҚРЗ