«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 398 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 21 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 398 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 16, 209-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтағы "Ақпарат" деген сөз "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Осы Бағдарламаның іске асырылу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есімовке жүктелсін.";

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:

"Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:

реттік нөмірлері 1.2, 1.3 және 2.2-жолдар алынып тасталсын;

реттік нөмірі 1.4-жолда "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "Ақпаратмині" деген сөз және "ТЖА" деген аббревиатура тиісінше "МАСМ" және "ТЖМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 2.3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"2.3  Теледидар және/немесе радио     Норма-  МАСМ  2005   Талап

        хабарларын таратуды                 тивтік        жылғы  етіл-

        ұйымдастыру жөніндегі               құқық-        4-     мейдi

       қызметті лицензиялау кезінде         тық           тоқсан

       қойылатын біліктілік                  кесімнің

       талаптары                               жобасы                    ";

реттік нөмірлері 3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5, 3.6, 3.7, 3.8 және 3.9-жолдарда "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "Ақпаратмині" деген сөз "МАСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

ескертудің 2-тармағының бірінші және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

"МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі;";

"ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов