«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына
 өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 31 желтоқсандағы № 509н Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 95-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесі 5-бағанының реттік нөмірі 5-жолындағы "15-20" деген сандар "40-70" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов