«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1306 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:

"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

 

«Технологиялық

Автомобиль жолдарында

жол-құрылыс, жөндеу

және пайдалану

жұмыстарының

орындалуын бақылауды

жүзеге асыру

Көлік инфрақұрылымын

дамыту комитетінің

облыстық

басқармалары:

 

Ақмола

3

Ақтөбе

2

Алматы

3

Атырау

2

Шығыс Қазақстан

3

Жамбыл

2

Батыс Қазақстан

2

Қарағанды

3

Қызылорда

2

Қостанай

2

Маңғыстау

2

Павлодар

2

Солтүстік Қазақстан

2

Оңтүстік Қазақстан

2 »;

 

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:

мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөліммен толықтырылсын:

 

«Арнайы

Автомобиль жолдарын

салу, жөндеу және

ұстау кезіндегі

жұмыстар мен

материалдардың

сапасына сараптама

жүргізу

Көлік

инфрақұрылымын

дамыту комитетіне

ведомстволық бағыныстағы

мемлекеттік мекемелер:

 

Ақмолажолзертханасы

1

Ақтөбежолзертханасы

1

Алматыжолзертханасы

1

Атыраужолзертханасы

1

Батысжолзертханасы

1

Жамбылжолзертханасы

1

Шығысжолзертханасы

1

Қарағандыжолзертханасы

1

Қызылордажолзертханасы

1

Қостанайжолзертханасы

1

Маңғыстаужолзертханасы

1

Павлодаржолзертханасы

1

Солтүстікжолзертханасы

1

Оңтүстікжолзертханасы

1 ».

 

2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов