«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы №1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы №1354 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 1246 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

13 "Басқалар" функционалдық тобында:

694 "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" әкімшісі бойынша:

008 "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерін салу және қайта жаңарту" бағдарламасында:

"Астана қаласында Министрліктер үйін салу ("Қуат" корпорациясы) деген жолдағы "8000000" деген сандар "8200000" деген сандармен ауыстырылсын;

"Астана қаласында Есіл өзенінің сол жақ жағалауында қосалқы үй-жайларымен 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гараж салу 200000" деген жол алынып тасталсын;

2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы №1354 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 409-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны 1) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын.

"Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақтағы ", Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы қосымша орын-жайларымен 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гаражы" деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов