«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына
өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 22 қарашадағы № 509г Қаулысы

 

"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 172-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің реттік нөмiрi 3-жолының 5-бағанында:

соңғы абзацтағы "және серверлiк жабдықтардың өнiмдiлiгiн арттыру" деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Серверлiк жабдықтардың өнiмдiлiгiн арттыру.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов