«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 29 маусымдағы
№ 611 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қазандағы № 1042 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 маусымдағы № 611 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізілсін:

4-тармақтағы ", 80%-iн өтеусiз негiзде республикалық бюджеттен береді" деген сөздер "бередi, 80%-iн мердiгерлерге Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту жөніндегі қызметтерге ақы төлеу есебiне аударады" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

"4-1. Қайта жаңарту барысында мердігерлерден алынған негiзгi қаражат "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берiледi.".

2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов