«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 941 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 тамыздағы № 813 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009.03.04 № 466 Қаулысымен күші жойылды  (қолданысқа енгізілетін тәртібін қара)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 941 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 33, 451-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтағы «қабылданған» деген сөз «қолданысқа енгізілген» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «күшіне енеді» деген сөздер «қолданысқа енгізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

А. Есімов