«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң. 1998 жылғы 14 мамырдағы № 434 қаулысы

(2005.27.07. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 2005.07.27. № 781 қаулысымен тармақшаның күші жойылды

2) ҚР Үкіметінің 2002.11.22. № 1239 қаулысымен тармақшаның күші жойылды

3) "Кентаукенiштарату" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 қарашадағы № 1488 қаулысына:

6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi арқылы" деген сөздер алынып тасталсын.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi