«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 8 мамырдағы № 814 қаулысына
толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 қыркүйек № 1391 қаулысы

 

 ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Білім және мәдениет министрлігі жоғары және орта арнаулы оқу орындарының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 8 мамырдағы № 814 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 18, 167-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

"8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрлігі мен Қ.Иассауи атындағы Қазақ-Түрiк университетiне бөлiнген қаражат шегiнде 1997 жылға арналған жоспарды белгiлеудiң функциялар мен бағдарламалар бөлiгiне қажеттi өзгерістер енгiзiлсiн".

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

мiндетiн атқарушы