“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі
№ 405 және 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 757 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
"Қызылорда облысы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 218-2-жол алынып тасталсын;
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 264-2-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |