1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдаутуралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
(Москва қ., 2005 жылғы 25 қараша)

 

2007 жылғы 21 шілдедегі № 292-ІІІ ҚР  Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келiстi:

1. 3-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:

«Полигон - жер учаскелерін және оларда орналасқан мүлікті қамтитын біртұтас кешен.

Полигонды жалдау объектісінің бір бірлігі үшін ставка, яғни Полигонның жалға берілген жер учаскелерінің, оның ішінде оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен қоса жер учаскелерінің аудан (гектар) бірлігін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы 2,33 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленеді.».

2. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Шарттың 3-бабында белгіленген Полигонды жалдау объектісінің бір бірлігіне ставканы негізге ала отырып есептелген Полигонды пайдаланғаны үшін жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 4,454 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды. Бұл ретте жалдау ақысының көрсетілген мөлшері осы Шартқа қол қойылған күні болған немесе Қазақстан Республикасының аумағында осы күннен кейін енгізілген және Полигонды жалдауға қатысты салықтардың, комиссиялардың, алымдардың және өзге де төлемдердің барлық түрін ескереді.

Полигонның жалға берілетін жер учаскелерінің, сондай-ақ оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен қоса жер учаскелерінің құрамы өзгерген кезде, жалдау ақысы Полигонды жалдау объектісінің бір бірлігіне белгіленген ставканы ескере отырып, жер учаскелерінің жалға берілетін ауданының өзгеруіне тепе-тең өзгереді.

Полигонды пайдаланғаны үшін жалдау ақысы өзгерген жағдайда осы Шартқа Тараптардың өзара келісуі бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.».

3. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Шарттың 4-бабында белгіленген жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚШ долларымен алынады.

Жалдау төлемдерін аудару жыл сайын әрқайсысы екі тең бөлікпен жылдың екінші және төртінші тоқсанының соңғы айының 5 күніне дейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Тарабының уәкілетті органы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне қаражатты аудару үшін төлем алушыны және қаржы деректемелерін көрсете отырып хабарлама жібереді және көрсетілген қаражатты алғаны туралы оны хабардар етеді.

Төлем алушы және (немесе) оның қаржы деректемелері өзгерген жағдайда Қазақстан Тарабының уәкілетті органы кезекті төлем мерзімі өткенге дейін бір айдан кешіктірмей Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігін бұл туралы хабардар етуге міндетті.».

2. Осы Хаттама ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.

Тараптардың бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапқа келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей жазбаша түрде хабарлайды.

3. Осы Хаттама Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішiлiк ресiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.

Осы Хаттама 1996 жылғы 18 қазанда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

 

2005 жылғы 25 қараша Москва қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерiндегi екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей.

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ        РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

       ҮШIН                          ҮШIН