«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 1422 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі № 691 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының ?кіметi заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1422 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:

реттік нөмірі 26-жолдың 2-бағанындағы «Инновациялық қызмет туралы (жаңа редакцияда)» деген сөздер «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов