Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 4 қыркүйектегi № 901 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 346 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 563 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Мемлекеттік күзетілуi тиiс объектілердiң қауіпсiздiгін қамтамасыз етудiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 36, 364-құжат мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:

1) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мемлекеттік күзетілуi тиiс объектілер белгілеу ережесiнде:

7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) Қазақстан Даму Банкi» акционерлік қоғамы;»;

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуi тиiс объектілерiнiң тізбесiнде:

«Аса маңызды мемлекеттік объектілер» деген I бөлiм мынадай мазмұндағы 8-бөлiмшемен толықтырылсын:

 

«8. «Қазақстан Даму Банкi» акционерлік қоғамы»

Астана қаласы

1.

«Қазақстан Даму Банкi» АҚ, Астана қаласы

  

  

1

Барлығы 1 объект

";

кестеде:

«Aca маңызды мемлекеттік объектілер» деген I бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 8-жолмен толықтырылсын:

«8 «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы»      1 -  -  1»;

«Жиыны» деген жолда «1077», «110» деген сандар «1078», «111» деген сандармен ауыстырылсын;

«Тізбе бойынша барлығы» деген жолда «1345», «236» деген сандар «1346», «237» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов