Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1175 Қаулысы

 

\ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 Қаулысымен күші жойылды

 

"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 54, 598-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың екінші және үшінші абзацтары алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық қызмет көрсету ережелерінде:

2-тармақтың жетінші абзацындағы "немесе жеке" деген сөздер алынып тасталсын;

3-тармақтағы "Электр энергиясын пайдалану ережелермен және" деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов